Негізгі Жаңалықтар Болашақ прокурорлар кеңістігі

Болашақ прокурорлар кеңістігі


ДИКТОР: Заңның үстемдігін қамтамасыз ету, әділдік қағидаттарын сақтау және ел алдындағы жауапкершілікті терең сезіну болашақ заңгерлерге қойылатын басты талаптың бірі. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде прокуратура органдарының құрылуына 35 жыл толуына орай «Болашақ прокурорлар кеңістігі» атты тағылымды кездесу өтті. Басқосуға жас буынға кәсіби бағдар беріп, заң саласындағы тәжірибемен бөлісуге құқық қорғау органдарының өкілдері мен прокуратура саласының ардагерлері арнайы шақырылды. 

РКС: Кездесу барысында студенттер құқық қорғау саласының қыр-сырымен танысып, прокурор мамандығының жауапты міндеттері жөнінде кеңінен мағлұмат алды. Тәжірибелі мамандар өздерінің еңбек жолынан сыр шертіп, қызмет барысында кездесетін күрделі мәселелер мен кәсіби ұстанымдары туралы ой бөлісті.

СНХ: ӘДІЛ ҚАЙЫРБЕКОВ, АҚМОЛА ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ КАДР ЖҰМЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ КӨМЕКШІСІ: Шара барысында студенттерге прокуратура органдарының, прокуратура қызметінің ерекшеліктері, прокуратура органдарына орналасу талаптары және қағидалары түсіндірілді. Сонымен қатар Ақмола облысының прокуратурасы ардагері келіп қатысып, әңгімелесу жұмыстьарын жүргізді. 

РКС: Ал сала ардагерлері жас мамандарға ақыл-кеңестерін айтып, болашақта өмірін прокурорлық қызметпен байланыстырғысы келетін әр жастың кәсіби біліктілігімен қатар азаматтық ұстанымы да берік болуы керектігін жеткізді. Мұндай кездесулер студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, таңдаған мамандығына деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.

СНХ: ЛИЗА ЕСЕНБОЛ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Заң мен тәртіп аясында маңызды кездесу өтті. Бұл жерде студенттер өздерінің мамандықтарын меңгеруге теориялық білім ғана емес, тәжіребие жүзінде де біліктілігін арттыра алады. сондықтан осындай кездесулер жиі ұйымдастырылса деп ойлаймын.

СНХ: ӘДІЛЖАН ҚАМАЛАТОВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Заң мен тәртіп бағыты бізге өте жақын. Өйткені біздің мамандығымыз заңгер. біз осы бағытты әрі қарай жалғастырып, осы тақырыпты әлі де ткөп талқылаймыз деген ойдамын. 

РКС: Заң саласында қызмет ету мамандық таңдаумен қатар, әділдік пен заңдылық жолында елге адал қызмет ету. Бүгінгі тағылымды кездесу болашақ прокурорлардың кәсіби қалыптасуына серпін беріп, жауапты қызметке деген сенімін нығайта түскені сөзсіз. 

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу