Негізгі Жаңалықтар «Өнер» мектебі өрендерді әсемдік әлеміне жетелейді

«Өнер» мектебі өрендерді әсемдік әлеміне жетелейді


ДИКТОР. Зеренді ауданының орталығында балалардың шығармашылық қабілетін шыңдап, дарындылардың дамуына ықпал ететін «Өнер» мектебі жұмыс істейді. Музыка мектебі мен балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы орналасқан жаңа ғимарат талапқа сай жабдықталған. Енді өнерлі балалардың түрлі үйірмелерге қатысуына жол ашылды. Мектептің тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан тілшіміз толығырақ баяндайды. 

-естет.шум:

РКС. Балалар музыка мектебіне енген кезде-ақ бірден әсем әуеннің сазы құлаққа жағымды естіледі. Сынып бөлмелерінен шыққан түрлі аспаптың үні бір-бірімен үндесіп жатқандай. Ақерке Қарабекова қобыз сыныбында 20 жылдан астам уақыт сабақ беріп келеді. Балалардан құралған «Қорқыт сазы» қобызшылар ансамблі де бар. Жақында Көкшетауда өткен «Импульс» атты республикалық байқауда гран-при жүлдегері атанды. Биыл тағы төрт түлекті қанаттандырғалы отыр.

СНХ АҚЕРКЕ ҚАРАБЕКОВА, ҚОБЫЗ СЫНЫБЫНЫҢ ОҚЫТУШЫСЫ: қаншама балалар білім алуда. Бес жылдық білімді толық оқып, бітіріп, әрі қарай жоғары оқу орындарына түскендері бар. Биылғы жылы бір оқушым «Шабытты» бітірді.біздің мектепте оқып, Біржан сал колледжін толық аяқтап, қызыл дипломға аяқтады, оқуын әрі қарай Астана қаласында жалғастырып, жетістіктері көп, көптеген байқауларға қатысып, мақтанышпен айтуға болады, солардың ішіндегі ең үздік өнер жолын таңдаған Дүйсенбина Анель.       

СНХ: мен 4-ші сыныптамын, қобыз аспабында ойнаймын. 00,13 склейка «Илигай», романстарды ойнаймын. 

РКС. Балалар музыка мектебінің ашылғанына келесі жылы 25 жыл толады. Қазіргі уақытта 165 бала оқып жатыр. Домбыра, қобыз, баян, фортепиано, гитара, биылғы жылы эксперимент жасап, жетіген сыныбы ашылды. Эстарадалық және дәстүрлі вокал да бар. 

СНХ ГҮЛШАТ МОЛДАБАЕВА, БАЛАЛАР МУЗЫКА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Оқушыларымыз республикалық, халықаралық деңгейде байқауларға шығып, жоғары, жүлделі орындарды алып келіп жатыр. Биылғы жылдың өзінде 19 халықаралық жүлде алып келді. Материалдық базамыз бәрі жақсы. Аспаптар, кабинеттер, оргтехника , бәрі жаңартылған, балалармен жұмыс істеуге барлық жағдай жасалып тұр.

РКС. Қайыржан Шәріпов осы музыка мектебінің түлегі. Домбырадан бала жасынан білім алған ол кейін жоғары оқу орнын тәмәмдап, өзінің алтын ұясына қызметке қайтып оралды. Қазір жеткіншектерді қазақтың қасиетті аспабының қыр-сырына қанықтырып, екі ішектен шыққан әсем күйлерді үйретіп келеді. 

СНХ ҚАЙЫРЖАН ШӘРІПОВ, ДОМБЫРА СЫНЫБЫНЫҢ ОҚЫТУШЫСЫ: облыстық, республикалық байқауларға барып, жүлдегер атанып жүрген оқушыларымыз бар. Балалардың домбыра үйренуге деген ынтасы жоғары. Күйлердің тарихымен танысып, нота арқылы үйренеді. Басты мақсатым, қазақтың төл аспабына деген балалардың махаббатын ояту.

РКС. Балаларды музыка әлеміне жетелеп, қобыздың қоңыр үніне бойлатып, домбыраның сазына елітіп, әннің әлдиімен тербетіп келе жатқан мектептен әлі талай таланттар қанаттанып ұшары анық.

ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ-АҚПАРАТ.


Бөлісу