Мәслихат сайлауы: үгіт науқаны басталды
ДК: Мәслихат депутаттарын сайлау науқаны жаңа кезеңге өтті. Кандидаттарды тіркеу аяқталып, енді саяси бәсеке үгіт-насихат алаңында жалғасады. Өңірде депутаттық мандатқа барлығы 793 кандидат ұсынылған. Оның 763-і тіркеуден сәтті өтті. Атап айтқанда, облыстық мәслихатқа – 50, қалалық мәслихаттарға – 125, ал аудандық мәслихаттарға 588 кандидат тіркелді. Сонымен қатар төрт саяси партия 44 үміткерден тұратын партиялық тізімді ұсынған.
РКС: Тіркеу кезеңінде 30 кандидат сайлау додасынан шықты. Олардың 26-сы өз өтінішімен кандидатурасын қайтарып алса, қалған үміткер тіркеуден бас тартылған. Енді тіркеуден өткен үміткерлер сайлаушылармен кездесіп, өз бағдарламаларын таныстыра алады. Дегенмен үгіт жүргізудің де өзіндік тәртібі бар. Заң талаптарын бұзғандарға тиісті шаралар қолданылады.
СНХ: ӘСИЯ НАУРЫЗБЕКОВА, ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ: Үміткерлер үгіт материалдарын әзірлеу мен тарату кезінде заң талаптарын қатаң сақтауы қажет. Атап айтқанда, өзге кандидаттардың ар-намысына нұқсан келтіруге, сайлаушыларды сатып алуға және заңда көзделмеген тәсілдерді қолдануға жол берілмейді.
РКС: Үгіт-насихат материалдарының да белгіленген талаптарға сай болуы маңызды. Баннерлер мен өзге де баспа өнімдерінде оларды шығаруға жауапты тұлға, қаржыландыру көзі және таралым көлемі көрсетілуі тиіс.
СНХ: ӘСИЯ НАУРЫЗБЕКОВА, ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ: Сайлау заңнамасының сақталуын бақылау тиісті органдардың назарында болады. Егер заң бұзушылық деректері анықталса, материалдар құзырлы органдарға жолданады. Ал заңда көзделген негіздер болған жағдайда кандидат тіркеуден айырылуы мүмкін.
РКС: Алдағы күндері үміткерлердің сайлаушылармен байланысы күшейе түспек. Ендігі кезекте халықтың сеніміне ие болу үшін нақты бағдарлама ұсынып, сайлаушылардың таңдауына лайықты бәсеке көрсету маңызды.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ