Бозайғыр ауылында жаңа кәсіпорын іске қосылды
ДИКТОР: Шортанды ауданының Бозайғыр ауылында ауа кіргізетін клапандар мен желдету жүйелерінің элементтерін шығаратын кәсіпорын ашылды. Зауыттың іске қосылуы жергілікті халық үшін 15 жаңа жұмыс орнымен қамтылу мүмкіндігі. Өндірістік алаңның ашылу салтанатына аудан әкімі Сағындық Шабаров пен аудан прокуроры Талғат Оспанов қатысты. Кәсіпорын ұжымы мен жиналған тұрғындарды компания басшылығының өкілдері де құттықтады.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Компания Шортанды ауданында жаңа өндіріс алаңын салуды осы жылдың шілде айында бастады. Жобаға 300 миллион теңге жұмсалды. Зауыт табиғи желдету жүйелері үшін ағынды клапандар шығарады.
СНХ: МЕДЕТ ӘЛІБЕКОВ, «AERONIX ASTANA» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Жалпылама айтсақ, біз таза ауа кіргізуымен айналысамыз, үйге. Оның өзіннің құралдары бар. Оны кіріс клапандар қазақша деп аталады. Солардың барлық элементтерін, сырттан ауа кіргеннен бастап, ішкі өткенге дейінгі құралдарын барлыгын біз осы оборудование арқылы шығарамыз. Шығарып соны халыққа, бірәз застройщиктермен жұмыс жасаймыз. Үй салыну барысында біздің клапандарды өзіміздің монтажный бригада орнатылып кетеді.
РКС: Компания алдағы уақытта кәсіпті одан әрі дамытуды көздеп отыр. Атап айтқанда, ғимараттарға сырттан таза ауаны кіргізіп тұратын өзге құрылғылар шығарғысы келеді. Ол үшін қажетті жабдықтар сатып алынуда.
СНХ: САҒЫНДЫҚ ШАБАРОВ, ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл ауданымыздың экономикалық әлеуетін арттыруға, өнеркәсіп дамытуға, және тұрғындар үшін жаңа мүмкіндік. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізде кәсіпкерлікті дамытуға, инвестиция тартуға, отандық өңдірісті қолдауға, және бизнес жүргізуді қолдайды. Жағдай жасауға айрықша қөңіл бөліп келеді. Бұл экономикалық өсудің, жаңа жұмыс орындарын ашылуын, және халықтың әл-ауқатын арттыруға маңызды.
РКС: Жергілікті билік зауыттың ашылуы мен одан әрі кеңеюіне қолдау білдірді. Жиналғандардың айтуынша, кәсіпорын отандық өндірістің дамуына үлес қосып, халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етеді және Шортанды ауданының өнеркәсіптік әлеуетін нығайтады.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.