Негізгі Жаңалықтар V Азия пара ойындарының қола жүлдегері елге оралды

V Азия пара ойындарының қола жүлдегері елге оралды


ДИКТОР: V Азия Пара ойындары аяқталды. Спортшылар елге оралып жатыр. Жақында Давид Дегтярев пен Еркін Ғаббасовты қарсы алсақ, бүгін пара жүзуден қола жүлдегер атанған Алина Синельникова да туған жеріне оралды. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.

РКС: V Азия Пара ойындары 18 мен 24 қазан аралығында Жапонияның Нагоя қаласында өтті. Оған 40-тан астам елден 4 мыңға жуық спортшы қатысты. Еліміздің намысын спорттың 12 түрінен 100-ден астам спортшы қорғады. Ақмолалық Алина Синельникова көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында бақ сынады.

СНХ: АЛИНА СИНЕЛЬНИКОВА, V АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ: Шынымды айтсам, эмоциямды сөзбен айтып жеткізу қиын. Ең алдымен, бапкерлеріме тынымсыз еңбегі, қолдауы мен ақыл-кеңестері үшін зор алғысымды білдіргім келеді. Мұның бәрі мен үшін өте маңызды болды. Сондықтан барлығына үлкен рақмет! Жалпы, сезімімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бұл менің осындай ауқымды Азия ойындарына алғаш рет қатысуым. Дайындық кезеңі ұзаққа созылып, оңай болған жоқ. Қиындықтарға да тап болдым, бірақ соларды еңсере алғаныма қуаныштымын.

РКС: Бапкерлерінің қолдауы мен Азия ойындарына тыңғылықты дайындығының арқасында Алина баттерфляй әдісімен 100 метр қашықтықты 1 минут 36,54 секундта жүзіп өтті. Аздаған демалыстан кейін спортшы жаттығуларын қайта жалғастыруды жоспарлап отыр.

СНХ: АННА СИМОНИНА, БАПКЕР: Ойындар өте күрделі өтті. Себебі эмоционалдық жүктеме жоғары болды, ұшақпен ұзақ ұштық. Оның үстіне, таңертең жартылай финал, түстен кейін финалдық жарыстар болды. Кешкі сағат 11-ге дейін жарыс алаңында жүрдік. Күн сайын осылай болды. Қатысушылар өте көп болды. Қатысушы елдер өте көп болды. Дайындық жақсы болды. Негізгі қарқынды дайындық кезеңі үш айға жуық уақытқа созылды.

РКС: Алдағы уақытта Алина мен оның бапкерлері Әлем кубогы кезеңдеріне және Қазақстан Республикасының чемпионатына дайындықты жоспарлап отыр.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу