Негізгі Жаңалықтар Қосшыда өрт сөндіру-құтқару кешені ашылды

Қосшыда өрт сөндіру-құтқару кешені ашылды


ДИКТОР: Қосшы қаласында заманауи өрт сөндіру-құтқару кешені ашылды. №35 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі 60 мыңнан астам қала тұрғынын, сондай-ақ Тайтөбе ауылын төтенше жағдайлардан қорғауға мүмкіндік береді. Жаңа нысанның салтанатты ашылу рәсіміне министр Мұрат Мұханов қатысты. Ведомство басшысы бөлімшенің материалдық-техникалық жабдықталуымен, төтенше шақыртуларға жедел әрекет ету дайындығымен, сондай-ақ, қызметкерлердің еңбек ету және тұру жағдайларымен танысты. Жаңа кешеннің жалпы аумағы 2 мың шаршы метрден асады. Бұл өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға арналған толыққанды қызметтік қалашық. Мұнда жедел қызмет, оқу-жаттығу, әкімшілік және тұрмыстық аймақтар бір жерде шоғырланған. 4 арнайы автокөлікке арналған өрт сөндіру депосы бар. Сондай-ақ, спорт залы, оқу-жаттығу мұнарасы, жүгіру жолағы мен футбол алаңы жабдықталған. Жеке құрамға заманауи қызметтік бөлмелер мен ас үй, жуынатын бөлмелері, психологиялық тынығу бөлмесі, бейнебақылау аймағы және демалыс орындары қарастырылған. Бұдан бөлек, мұнда Қосшы қаласының төтенше жағдайлар бөлімі орналасады. Бөлімшенің штаттық құрамы 78 қызметкер. Жасалған жағдай мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдап, кез келген шақыртуға сақадай сай болуына және кезекшіліктен кейін тынығуына мүмкіндік береді.

ИНТЕРШУМ: 

ДИКТОР: Кешен аумағында бөлім қызметкерлеріне арнап 6 пәтерлі жеке тұрғын үй де салынған. Министр жаңа баспанаға ие болған қызметкерлерді құттықтап, оларға пәтер кілттері мен естелік сыйлықтарды табыстады. Шара соңында өрт сөндіру-құтқару кешенінің аумағына көгілдір шырша көшеттері отырғызылды.


Бөлісу