Негізгі Жаңалықтар «Мәлік-ғұмыр,жыр-дастан» республикалық жыршылар байқауы өтті

«Мәлік-ғұмыр,жыр-дастан» республикалық жыршылар байқауы өтті


жыршылар байқауы өтті. Мәлік Ғабдуллин музейі ұйымдастырған шара дәстүрлі жыршылық өнерді дәріптеуге, батырлар жырын насихаттауға және ұлттық рухани мұраны ұлықтауға бағытталды. Жыр байқауына Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Жетісу және Ақмола облысының өкілдері қатысып, бақ сынасты.

Интершум:

 Ркс. Қазақтың батырлық рухын бойына сіңіріп, ел қорғаудың өнегесін өмірімен дәлелдеген тұлғалардың бірі – Кеңес Одағының Батыры, көрнекті ғалым, академик, жазушы Мәлік Ғабдуллин. Ол қазақ фольклорын, әсіресе батырлар жырын ғылыми тұрғыдан зерделеп, халықтың ерлік дәстүрін, ұлттық дүниетанымын, адамгершілік ұстанымдарын танытуға күш салды. Мәлік Ғабдуллин зерттеген «Қобыланды батыр», «Едіге», «Қамбар батыр», «Ер Тарғын» сияқты эпостық жырлар ¬халқымыздың ерлік рухын, елдік мұрасын, ар-намысын танытатын асыл қазына.

СНХ БЕРІК ЖҮСІПОВ, ЭТНОФОЛЬКЛОРТАНУШЫ ҒАЛЫМ: сондай қазақ фольклорының әліппесін жасаған адамның ғұмыры мен ерен есімімен байланыстырылып, осындай конкурстың өтіп жатқаны бұл елдіктің белгісі деп білемін.Жыршылар қазіргі таңда Маңғыстауда, Қызылорда облысында, Жетісуда ғана сақталып қалып жүр. Бірақ бір заманда осы жыршылық дәстүр түгел қазақ даласында болған.  

РКС. Жыр-халықтың жүріп өткен жолы, ерлігінің шежіресі, елдігінің айнасы. Ғасырлар бойы жыраулар мен жыршылардың көмейінен төгілген батырлар жыры ел басына күн туған шақтағы ерлікті, туған жерге деген сүйіспеншілікті, намыс пен адалдықты ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келеді. Бір кездері ат үстінде айтылған сол жырлар бүгін сахна төрінде жаңғырып, ұлттың рухани өміріне қайта нәр бергендей болды.Бүгінгі байқауға қатысып отырған жыршылар да осал жандар емес, талай сайыстарда топ жарған жүлдегерлер мен жеңімпаздар.

СНХ МАРАТ СҮГІРБАЙ, ЖЫРШЫ (ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ): ғалымдарымыз Қобыланды батыр жырының 29 нұсқасы барын айтады. Соның ішінде ауқымдысы, әдеби көркемдігі «Марабай» нұсқасы. Мәлік Ғабдуллиннің көп тоқталып, көп қалам тербеген, зерттеген «Марабай» нұсқасын алып келіп отырмын. «Марабай» нұсқасы жәйімен жырлағанда 4 сағатқа таяп барып қалады. Мен бүгінгі шараға 1 сағат 40 минутқа туралап,жырлауды межелеп келдім.

СНХ БАҚЫТ АРЫСТАНҒАЛИЕВА, ЖЫРШЫ (АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ): жыр байқаулар осындай көптеп ұйымдастырылса, жыр айтушы болса, жыр тыңдаушы табылады деп ойлаймын. Осылай насихаттала берсе, алдағы уақытта басқа да өңірлерде, қолға алынса, жыр әлі де дамиды деп ойлаймын.

Интершум:

РКС. Әрбір қатысушыға жырды жатқа айту ғана емес, оның рухын сезіндіру, батырдың болмысын таныту, тыңдаушының жүрегіне жол табу талабы қойылды. Олар жырдың мазмұнын ғана емес, мақамын, әуезін, орындаушылық шеберлігін, дәстүрлі жыршылық мектептің ерекшелігін танытуы да тиіс болды. Сайыскерлер «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Сырым батыр»,«Батыр Баян» шығармаларынан үзінділер орындады. Жергілікті кәсіпкер азаматтар қолдау білдіріп, жыршылардың сыйақыларын тағайындады. Ынталандыру сыйлықтарымен ақмолалық Нұридден Охиттан мен қостанайлық Абзал Алпыс марапатталды. Үшінші жүлделі орынға ¬ақтөбелік жыршы Бақыт Арыстанғалиева, екінші орынға жетісулық Нұрәли Есхат, бірінші орынға қызылордалық Марат Сүгірбай ие болды. Бас жүлде жырды айту мақамы, орындау шеберлігі, дауыс пен ырғақты құбылту дәстүрін сақтай білгені үшін батысқазақстандық жыршы Фархат Оразовқа бұйырды.    

ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ,ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ».


Бөлісу