Негізгі Жаңалықтар Прокуратура кәсіпкердің құқығын қорғады

Прокуратура кәсіпкердің құқығын қорғады


ДИКТОР: Жақсы ауданында прокуратура кәсіпкердің құқығын қорғады. Бұған дейін жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері кәсіпорында жұмыс істейтін шетелдік азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Алайда құқық қорғау органдары жүргізген талдау барысында бұл үдерісте Кәсіпкерлік кодексі мен халықтың көші-қоны туралы заңнама талаптарының бұзылғаны анықталды. Прокуратураның мәліметінше, Жақсы ауданына қарасты серіктестіктердің бірінің астық қоймасын тексеру барысында полиция қызметкерлері шетелдік азаматтардың еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыру фактісін анықтаған. Нәтижесінде Қытай Халық Республикасының 9 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Алайда, полиция қызметкерлері кәсіпкерге қатысты тексеруді тиісті тәртіппен тіркемеген. Яғни, заңнамада белгіленген талаптар сақталмаған. Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде аталған жұмысшыларға қатысты әкімшілік істер бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Осылайша, кәсіпкердің құқықтары қорғалды. Өңір прокуратурасы бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды өз қызметінің басым бағыттарының бірі ретінде қарастырады. Мамандар алдағы уақытта да тексерулердің заңдылығын қамтамасыз етіп, кәсіпкерлерді негізсіз жауапкершілікке тартуға жол бермеу бағытындағы жұмыстарды жалғастырмақ.

Бөлісу