Негізгі Жаңалықтар Көрнекті қаламгерді еске алу кеші өтті

Көрнекті қаламгерді еске алу кеші өтті


ДИКТОР. Қазақ әдебиетінің дамуына сүбелі үлесін қосқан журналист, жазушы Зерендінің Қошқарбай ауылында дүниеге келген Мәди Хасенов көзі тірі болса, биыл 90 жасқа толатын еді. Журналистік қызметін жазушылықпен ұштастырған оның қолынан шыққан туындыларында қарапайым ауыл адамдарының тағдыры, қоғамдағы өзгерістерге көзқарасы, түйткілді мәселелерге білдірген пікірлері жатыр. Жазушыны еске алу кеші Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармонияда өтті.   

 РКС. Танымал қазақстандық жазушы, журналист, публицист және Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Мәди Хасенов өз шығармаларында туған өлке тынысын, замандастар бейнесін және елдік мәселелерді шебер толғаған қаламгер. Оның «Зерендин» деген лақап атпен де белгілі болғанын әріптестері ортаға салды. Жазушы ағасының мұрасын жинастырып, ол жайындағы жазбаларды топтастырған інісі Қайыркеннің құрастырған «Мәди аға мұрасы» кітабының тұсауын облыс әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев бірге кесті.

-естет. шум:

СНХ БӘДУАН ИМАШ, ЖУРНАЛИСТ ӘРІПТЕСІ: облыстық газетте Ақмола облысында жылқы өсірудің жай-жапсары жөнінде үлкен мәселе көтерді.сол мәселе облыстық бюрода талқыланып, бірқатар шаруашылықтар ашылды. Жылқы фермаларының жағдайы жақсарып, облыс орталығы Целиноградта қымыз бен шұбат сататын орын ашу туралы мәселе көтеріліп, облыс басшысы Тәукеновтың ықпалымен қазіргі Астана, қазіргі Абылайхан көшесінде ұлттық тағам сататын дүкен ашылды. 

РКС. Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармонияда қаламгердің құрметіне өткен «Жазушы Мәди мұрасы» атты еске алу әдеби-сазды кешіне көз көргендер, шәкірттері, ауылдастары мен бауырлары жиналды. Әдебиетшілер қаламгердің еңбектеріне өз бағасын берсе, қызметтес болғандар, шығармаларын оқып өскендер көңілге тоқығандарымен бөлісіп, артында қалған ұрпағы әкесінің қалдырған мәңгілік ізі жайында айтты.

СНХ АЛМАС ХАСЕНОВ, МӘДИ ХАСЕНОВТЫҢ ҰЛЫ: әкеміз өмірдің ащысын да, тұщысын да жазушылық еңбегі оңайға түскен жоқ. Айтады ғой, инемен құдық қазғандай деп. Адал еңбекпен, журналистикаға бар өмірін салған. Сондықтан үлкен бастық, бай адам болған жоқ. Тек елден абырой жинаған болатын. Қарындастарын бауырына тартып, өмірлік жолдамасын қолдарына тапсырған. Солар бірігіп, әкеміздің жасаған ісін қайтарып жатыр.

СНХ АЙНАШ ХАСЕНОВА, МӘДИ ХАСЕНОВТЫҢ ҚЫЗЫ: біздің әкеміз еліне еңбегі сіңген тұлға еді, бізге бар махаббатын берді. Сол кісінің арқасында жақсы білім алдық. Өмірде өз орнымызды таптық. Біз әкемізге өте ризамыз. Бүгін жерлестері құрметтеп, еске алу кешін ұйымдастырып жатқанына дән ризамыз. 

РКС. Қошқарбайдан қанаттанып, қазақ әдебиетіне мол олжа салған Мәди Хасенов 56 жылдық ғұмырында қазақ әдебиетінің асыл қазынасына айналған екі повесть, үш роман, төрт бірдей көркем әңгімелер мен очерктер жинағын жазды.   

ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ».


Бөлісу