Белгородское ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды
ДИКТОР: Сандықтау ауданының Белгородское ауылында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды. Енді бұл нысан үш ауылдың тұрғындарына төтенше жағдайда жедел көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
РКС: Белгородское ауылының тұрғындары жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылуын көптен күткен. Себебі бұған дейін ең жақын өрт сөндіру бөлімі 60 шақырым қашықтықта орналасқан.
СНХ: ОЛЬГА ЯЦЕНКО, БЕЛГОРОДСКОЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Біз бұл сәтке өте қуаныштымыз. Мұны көптен бері күтіп жүрдік. Қазір қуанышымызда шек жоқ.
СНХ: РЕНАТ ВАЛИШАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Шалғайдағы елді мекендерде мұндай өрт сөндіру бекеттерінің болғаны маңызды. Жаңа бекет Белгородское, Раздольное және Преображенка ауылдарындағы шамамен 250 тұрғын үйде тұратын 700-ге жуық адамға қызмет көрсетеді.
РКС: Жаңа бекеттің ашылуына жергілікті кәсіпкер қолдау көрсеткен. Ауыл шаруашылығы кәсіпорнының директоры нысан салуға жер телімі мен қаражат бөлген.
СНХ: АРТЁМ ЛЮБИМОВ, КӘСІПКЕР: Әртүрлі жағдай болады. Балқашино немесе Лесное ауылынан өрт сөндіру көлігі жеткенше, кейде үй жанып кетуі мүмкін. Енді өрт шықса, осы жердегі көлік пен өрт сөндірушілер жедел әрекет етіп, тілсіз жаудың таралуына жол бермеуге көмектеседі.
РКС: Бекетте жергілікті тұрғындардан жасақталған ерікті өрт сөндіру тобы тәулік бойы кезекшілік атқарады. Ол үшін мұнда барлық жағдай жасалған. Нысан өрт сөндіру көлігі, электр генераторлары, арнайы қорғаныс киімдерімен және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
СНХ: ӘСЕТ ЖАНҒОЖИН, САНДЫҚТАУ АУДАНЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Біздің қызметкерлер еріктілерге арнайы дайындық өткізді. Өрт сөндіру көлігін басқаруды, өртті сөндіру тәсілдерін және қауіпсіздік талаптарын үйретті. Әсіресе, жеке қауіпсіздік ережелерін сақтау, арнайы киімді дұрыс кию және өрт кезіндегі алғашқы әрекеттерге баса мән берілді.
РКС: Бұл - аймақтағы 54-ші өрт сөндіру бекеті. Жаңа нысан шалғайдағы үш ауылдың қауіпсіздігін нығайтып, төтенше жағдай кезінде көмектің жедел жетуіне мүмкіндік бермек.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, НАИР ЗАХОВАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ