Ақмола облысының медицинасы: өзгерістердің жеті жылы
ДИКТОР: Соңғы жеті жылда Қазақстанның денсаулық сақтау саласы дамуға жаңа серпін алды. Медициналық инфрақұрылымды жаңғырту, көмектің қолжетімділігін арттыру және кадрлық әлеуетті нығайту жұмыстың негізгі бағыттарына айналды.
КЕСТЕ МӘТІНІ: Бүгінде өңірде 772 мыңнан аса адам алғашқы медициналық көмек алады. Олардың 317 мыңнан астамы ауылдық жерде тұрады. Облыста 550 алғашқы медициналық-санитарлық көмек учаскесі жұмыс істейді, оның 301-і аудандарда орналасқан. Ауыл медицинасын жаңғырту негізгі бағыттардың бірі болып қалуда. Соңғы үш жылда еліміз бойынша 655 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысаны ашылды. Бұл дәрігерлік амбулаториялар, медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер. Ақмола облысында ұлттық жоба аясында 38 алғашы медициналық-санитарлық көмек нысаны салынды. Жалпы сметалық құны - 9 миллиард 800 миллион теңге.
КЕСТЕ: ӨҢІРДЕГІ АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК
АМСК жүйесі - 772 773 адам
317 425 - ауылдық жердің тұрғындары
550 АМСК учаскесі жұмыс істейді
301 - аудандарда
3 жылда елімізде - 655 АМСК объектісі
38 - Ақмола облысында салынды
РКС: Жыл басынан бері облыстың медициналық мекемелеріне 186 маман, оның ішінде 74 дәрігер келді. Қабылданып жатқан шаралардың арқасында өңірде кадр тапшылығы шамамен 16 процентке төмендеді. Ақмолалық дәрігерлер де шеберлік сыныптары мен медициналық форумдарға қатысуда. Әріптестерінің тәжірибесін үйреніп, жаңа технологияларды меңгереді.
СНХ: ҚУАНЫШ КАМАРИДЕНОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ ХИРУРГІ: Астанадан профессорлар келеді. Біз онкология және трансплантология ұлттық ғылыми орталығымен жұмыс істейміз, тәжірибе алмасуды жүргіземіз. Ол жаққа да оқуға барамыз, олар бізге келеді. Профессор Орал Базарбайұлы да бариатриялық хирургияны үйретті. Біздің дәрігерлер үнемі оқып, жаңа дағдыларға ие болуда, Көкшетау қалалық ауруханасының медицинасы бір орында тұрмайды. Соңғы жылдары біздің қалалық аурухана жаңартылды, операциялық бөлмеге қажет құралдар сатып алынды. Бұрын бізде екі операциялық бөлме жұмыс істесе, қазір үш операциялық бөлме жұмыс істейді./
РКС: Ерте диагностика емдеуден кем емес маңызды рөл атқарады. Бұл әсіресе қатерлі ісіктерді анықтауға қатысты. Осы мақсатта облыстық ауруханада сараптамалық эндоскопиялық орталық ашылды. Жоғары дәлдіктегі жабдықтың арқасында онкологиялық ауруларды ерте кезеңде диагностикалауға мүмкіндік туды, бұл өз кезегінде емдеу процесін жеңілдетеді және оның табыстылығын арттырады.
СНХ: АЛЕКСЕЙ ПОГОРЕЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫ ЭНДОСКОПИЯЛЫҚ БӨЛІМНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Соңғы жеті жылда біз жаңа технологияларды табысты енгізіп келеміз. Скринингтік бағдарламаларға белсенді қатысамыз. Скринингтік колоноскопияның 70 процентке жуығы бізде, біздің ауруханада жүргізіледі. Бұл бізге бірінші және екінші сатыдағы пациенттерді анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші және екінші сатыдағы науқастар саны едәуір ұлғайды, бізде колоректалды обырмен сырқаттанушылық едәуір артты. Бұл біз осындай пациенттерге нақты диагноз қоя бастағанымызды білдіреді.
РКС: Бұл өзгерістердің барлығы өңірдің әрбір тұрғыны үшін сапалы медициналық көмекті қолжетімді етуге бағытталған. Бүгінде Ақмола облысының денсаулық сақтау саласын дамыту жалғасып, халықты емдеуде жаңа мүмкіндіктер ашылуда.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.