«Тіл шебері» облыстық байқауы өтті
ДИКТОР: 3 тіл қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген студенттер облыстық «Тіл шебері» байқауында бақ сынады. 11 жас қатысушы тіл білімімен қатар, ел тарихы мен ұлттық құндылықтар жөніндегі білімдерін ортаға салды. Байрақты бәсеке Республика күні қарсаңында Көкшетау қаласында өтті.
РКС: Әмина Сабдыбай Щучинск қаласындағы Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжінде білім алады. Ол тіл шеберлігі сайысына алғаш рет қатысып отыр. Дәстүрлі байқау 3 кезеңнен тұрды. Олар – «Сөзтаным», «Ойтаным» және «Елтаным». Қатысушылар қазақ тіліндегі мәтіндерде кездесетін сөздердің мағынасын түсіндірді. Орыс тілінде Қазақстанның тарихы мен ұлттық құндылықтарына қатысты сұрақтарға жауап берді. Ал ағылшын тілінде ұлы тұлғалар, музыкалық аспаптар мен ұлттық ойындар туралы білімдерін көрсетті.
СНХ: ӘМИНА САБДЫБАЙ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ (БУРАБАЙ АУДАНЫ): Облыстық «Тіл шебері» байқауы өте жоғары деңгейде өтті деп айтқым келеді. Осы конкурста мен жаңа достарды таптым және де өз тілімнің деңгейін білдім. Аса қатты қиындылығы болған жоқ. Керісінше, оңай болды. Мен үшін ең оңай кезеңдері қазақ және ағылшын тілдері болған, ал ең қиын кезеңі орыс тілде болды. Қатысушылар өте білімді және ақылды адамдар. Олар көптеген аудандардан және қалалардан келген. Олардың дайындықтарын мықты.
РКС: З кезеңнен сүрінбей өткен жастар тілдік сауаттылығын, тапқырлығын және туған ел тарихына қатысты білімін көрсетті. Қатысушылардың тіл меңгеру деңгейін, жауаптарының нақтылығы мен мазмұнын Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің оқытушыларынан құралған қазылар алқасы бағалады.
СНХ: БОТАГӨЗ ӘУБӘКІРОВА, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Бұл жерде қатысқан студенттердің деңгейі жоғары. Үш тілділікті қатар ұстап, өз білімдерін осы деңгеде жеткізіп, тіл мәденитін, тіл шеберлігін, осы байқауда жеткізе білді. Бұл байқау – жылда өткізіп отыратын байқау, сондықтан бұл жерге үлкен дайындық атқан студенттер, мемлекеттік қызметшілер қатысып отырады.
РКС: Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2020–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды. Мұндай шаралар жастардың тілдік қабілетін шыңдап қана қоймай, ұлттық мұраны дәріптеуге, ел тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылықты арттыруға ықпал етеді. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындардың барлығын Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенттері иеленді. Бірінші орынға Гүлсім Балтабаева лайық деп танылды. Екінші орынды Аяжан Мұстахим иеленсе, үшінші орын Айдана Тұрмағамбетоваға бұйырды. Жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар табысталды.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.