Негізгі Жаңалықтар XVII халықаралық ғылыми конференция өтті

XVII халықаралық ғылыми конференция өтті


ДИКТОР: Шаһарда құтқарушылар күніне арналған дәстүрлі халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Шара өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелеріне арналды.

РКС: Конференция барысында қатысушылар өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің заманауи тәсілдерін талқылап, төтенше жағдайларға жедел әрекет ету тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулердің маңыздылығы мен мамандарды даярлау сапасын арттыру мәселелеріне назар аударылды.

СНХ: ЖАНДОС МӘКІШЕВ, М. ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АКАДЕМИЯСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл конференцияның маңыздылығы – біздің көршілес елдер, мемлекеттердің достастығымызбен қатар жүріп жатқан өрт қауіпсіздік мәселелерін талқылау. Яғни көптеген шетел ғалымдары, содан кейін жергілікті Шоқан Уәлиханов атындағы университетінің, Абай Мырзахметов атындағы университетінің өкілдері қатысуда. Сонымен қатар барлық курсанттарымыз қатысуда. Өрт қауіпсіздігі төтенше жағдайлар жою бойынша көптеген мәселелер бар. Соны талқылау мәселесі ретінде осы конференцияны ұйымдастырудамыз. 

РКС: Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының өкілдерінен бөлек, конференцияға Мәскеу, Минск және Сібірдегі академиялардың құтқарушылары да қатысты. Олар өрт қауіпсіздігі мен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті.

СНХ: АРДАҚ ҚАПЫШЕВ, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ: Он жетінші рет ұйымдастырылып отырған конференция жай ғана ғылыми кездесу емес, тәжірибе алмасуға, заманауи сын қатерлерді талқылауға және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы тиімді шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік беретін маңызды алаң деп есептейміз. Бүгінгі таңда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету төтенше жағдайлардың алдын алу, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау мәселелері ерекше өзектілікке ие. 

РКС: Қатысушылар мұндай ғылыми конференциялар тәжірибе алмасуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті. Конференция барысында өрт қауіпсіздігін жетілдіру, төтенше жағдайлардың алдын алу және азаматтық қорғау саласындағы білім мен ғылымды дамыту бағыттары талқыланды. Мұндай кездесулер мамандардың кәсіби біліктілігін арттырып, азаматтық қорғау жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АДМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу