Негізгі Жаңалықтар Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы тағайындалды

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы тағайындалды


ДИКТОР: Ақмола облысы әкімінің өкімімен облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы болып Әли Мұхаммедұлы Әлиев тағайындалды. Әли Әлиев 1991 жылы 16 сәуірде Аршалы ауданы Жібек жолы ауылында дүниеге келген. 2014 жылы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, ал 2024 жылы Мәскеу құқықтану институтын бітірген. «Жаратылыстану» және «Экономика» мамандықтары бойынша жоғары білімі бар. Еңбек жолын 2015 жылы серіктестіктің коммерциялық директоры ретінде Астанада бастаған. Аршалы ауданында кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту қорын басқарды. Кейін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы директорының Ақмола облысы бойынша басшысының орынбасары қызметін атқарды. Кейін бірқатар жеке компанияларды дамыту бойынша кеңесші және директор лауазымдарын атқарды. 2024 жылдан бастап жаңа қызметке кіріскенге дейін «KOKSHE» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары болды. 

Бөлісу