Негізгі Жаңалықтар Мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау күні жарияланды

Мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау күні жарияланды


ДИКТОР: Қазанның 12-сі күні Қазақстан Республикасы Президентінің барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлығы шықты. Осыған байланысты кеше Орталық сайлау комиссиясының отырысында кезектен тыс сайлау күні белгіленді.

РКС: Елімізде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қарашаның 29-ында өтеді. Науқан барысында өңірде 759 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Сайлауды ұйымдастыруға 1 025 сайлау комиссиясы мен олардың құрамындағы 5 747 комиссия мүшесі жұмылдырылады.

СНХ: МАНАРБЕК СӘДУОВ, ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Ең басты мәселе біз Құрылтай, референдум кезінде – күнтізбелік жоспар. Барлық мерзімдер көрсетілген. Қай уақытта кандидаттар ұсынамыз, қай уақытта тіркейміз, үгіт-насихат қай уақытта өткізіледі. Сайлау және тыныштық күні көрсетілген. Ең басты мәселе және көңіл аударатын – мүгедектігі бар адамдары. Ақмола облысында 3 мыңға жақын адам бар. Көбіне сайлау учаскелерін қараймыз, ол кісілерге жағдай жасалған ба, бұрыштары бар ма. Әр учаске білеміз, қанша адам мүгедектігі бар, бәрін біліп, соларға жағдай жасауымыз керек. Сайлауға қатысатын сайлаушылардың саны көбеюге тиісті, себебі осы жолы облыста студенттер қатысады.

ГРАФИКА МӘТІНІ: Өңірде 265 депутаттық орын қарастырылған. Облыстық мәслихатта 32 орын бар. Оның 16-сы бірмандатты сайлау округтері бойынша, қалған 16-сы партиялық тізімдер бойынша бөлінген. Қалалық мәслихаттарда – 41, аудандық мәслихаттарда 192 депутаттық орын бар.

ГРАФИКА:

Өңірде 265 депутаттық орын қарастырылған.

Облыстық мәслихатта - 32 орын.

Қалалық мәслихаттарда - 41 орын.

Аудандық мәслихаттарда - 192 орын.

РКС: Кандидаттарды ұсыну бүгін басталып, 27 қазанда сағат 18:00-де аяқталады. Кандидаттарды тіркеу қарашаның 1-інде сағат 18:00-де аяқталады. Сайлауалды үгіт-насихат науқаны 27 күнге созылады. Ол қарашаның 1-інде басталады.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу