Негізгі Жаңалықтар Орман шаруашылығы мамандарының күні атап өтілді

Орман шаруашылығы мамандарының күні атап өтілді


ДИКТОР: Щучинск қаласында ауыл шаруашылығы мамандарының күні атап өтілді. Салтанатты шараға «Ауыл» партиясы, жергілікті билік өкілдерімен қатар, ардагерлер, ғалымдар мен жас мамандар қатысты.  

РКС: Іс-шара институттың дендрологиялық бағында ағаш отырғызумен басталды. Бұл бастамаға құрметті қонақтар, орман шаруашылығының мамандары және студенттер қатысты. Көшет отырғызу елдің табиғи мұрасын сақтауға бағытталған экологиялық бастаманың бір бөлігі десе де болады.

СНХ: ҚАЙРАТ АЙТУҒАНОВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Президенттің бастамасымен қазіргі таңда «Таза Қазақстан» атты ауқымды жалпыұлттық іс-шаралар өтуде. Олар аумақтарды тазалау мен абаттандыруды ғана емес, сонымен қатар ағаш отырғызуды да қамтиды. Бұған дейін Президент жасыл аймақтарда,атап айтқанда, орманды алқаптарда екі миллиардтан астам, ал елді мекендерді көгалдандыру үшін шамамен 15 миллион түп ағаш отырғызу жөнінде тапсырма берген болатын. Сондықтан Қазақстан Республикасының әрбір азаматы ағаш отырғызу, аумақты тазалау және осыған ұқсас іс-шаралар сияқты бастамаларға атсалысуы тиіс.

РКС: Ағаш отырғызғаннан кейін қатысушылар институтты аралап көрді. Оларға питомникте егілетін көшеттер, сәндік бұталар және өсімдіктерді микроклоналды көбейту үлгілері көрсетілді. Мұнда орман шаруашылығы саласының болашақ мамандары да тәжірибеден өтеді. Студенттер өсімдіктермен жұмыс істеп, зерттеулер жүргізеді және мамандықтың қыр-сырымен танысады.

СНХ: АЙСАРА ӘРІП, С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Жалпы менің бұл мамандықты таңдап түсудегі мақсатым - осы еліміздің жасыл экономикасын дамытып, орман шаруашылығына өз үлесімді қосу. +СКЛ+ Енді үшінші курста біз осы Щучинск қаласында оқып жатырмыз. Өйткені бізде практикалық сабақтар түрінде болып жатыр. Яғни біз ормандарға шығып, зерттейміз. Осының бәрі бізге үлкен тәжірибе болды. +СКЛ+ Біз үшін біздің мамандығымыз — орман шаруашылығы болғандықтан, осындай ағаштармен жұмыс жасаймыз. Жалпы зерттеулер бізде көп жүргізіледі. 

РКС: Солтүстік Қазақстандағы көгалдандыру жұмыстарында қолайлы өсімдіктерді таңдау маңызды рөл атқарады. Жаздың қысқа болуына және жауын-шашынның тапшылығына байланысты барлық өсімдік түрлері жергілікті жағдайда жақсы өсіп-жетіле бермейді. Яна Крекова осы бағытта жұмыс істейді.Ол 2012 жылдан бері өсімдіктерді жерсіндіру саласында белсенді қызмет етіп, солтүстік өңірді көгалдандыруға жарамды сәндік бұталардың жаңа түрлерін зерттеп келеді.


СНХ: ЯНА КРЕКОВА, А. Н. БӨКЕЙХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ АГРООРМАНМЕЛИОРАЦИЯ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ ИНДОПРОДУКЦИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Біз осы өсімдіктерді вегетативті жолмен көбейту бойынша бірқатар сәтті тәжірибелер жүргізіп, олардың тамырлануына қатысты оң нәтижелерге қол жеткіздік және Қазақстандағы көгалдандыру жобаларына енгізуге жарамды перспективалы түрлерді анықтадық. Бұл жұмыс әсіресе қазіргі таңда Қазақстан нарығына сәндік бұталардың жаңа сорттары мен түрлерінің көптеп келуіне және оларды бағалау қажеттілігінің туындауына байланысты ерекше маңызға ие. Сондықтан, жүргізген зерттеулерімізге сүйене отырып, біз Қазақстанның солтүстігіндегі қалалық көгалдандыру жағдайында сәтті өсіп-жетілетін бірқатар өсімдіктерді ұсына аламыз.


РКС: Іс-шараның ресми бөлімінде жергілікті билік өкілдері, институт басшылығы және сала ардагерлері мамандарды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жиынға жүзден астам орман шаруашылығы қызметкері қатысты. Он бес маман «Ауыл» партиясының алғыс хаттарымен марапатталды.

СНХ: ДӘУРЕН БАБАМҰРАТОВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Бүгін орманшылар күніне орай Ауыл партиясы осындай үлкен шара өткізіп жатыр. Биыл тұңғыш рет біз бүкіл Республика көлемінде, барлық өкілдіктерде, біздің барлық филиалдарда осы орманшылар күніне орайластырылған шаралар өткізіп жатырмыз. Бұл біздің үшін өте маңызды. Себебі Ауыл партиясы өзінің сайлау алды бағдарламасының бір тармағы ретінде экологияны алып отыр. Сондықтан бұл экология дегеніміз Қазақстандағы орманды сақтау, орманды көбейту, жалпы орманшылардың жағдайын жасау, осымен тікелей байланысты деп өзіміз есептейміз. 

РКС: Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды. Ұйымдастырушылар мұндай басқосуларды жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр. Басты мақсат – орман шаруашылығы мамандарының еңбегін бағалау және елдің орман ресурстарын сақтау мәселесіне назар аудару.

ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ЛАУРА ФАЙЗУЛЛА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.


Бөлісу