Негізгі Жаңалықтар Өңірде газдандыру деңгейін 85 процентке дейін жеткізу жоспарлануда

Өңірде газдандыру деңгейін 85 процентке дейін жеткізу жоспарлануда


ДИКТОР: Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен кеңесте өңірді газдандыру мәселесі талқыланды. Жиында жаңа магистраль салу, инфрақұрылымды кеңейту және экологиялық отынға көшу тақырыбы айтылды. Газбен жабдықтау сызбасы қалай өзгереді, тілшіміз тарқатады. 

РКС: Ақмола облысында қала маңындағы аудандарды газдандыру жұмыстары жалғасуда. Қазір облыс халқының 29 проценті көгілдір отынмен қамтамасыз етілген. Келесі стратегиялық қадам - «Сарыарқа» жобасының екінші кезеңі. Магистральдық газ құбыры Көкшетауға дейін тартылып, «Есіл-Астана» солтүстік газ құбырына қосылмақ. 

СНХ: АБЗАЛ ҚЫСМЕТОВ, «QAZAQGAZ» ҰК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қазір осы өңірге, Ақмола облысына газ келуі үшін "Сарыарқа" жобасының екінші кезеңі — Астанадан Көкшетауға магистральдық газ құбырын салу. Енді қазір манағы жалпы корректировкалау деп жатыр ғой, онда технический манағы нелері, диаметрлері ауысып жатыр. Ол манағы газға, өңірге газ көп келуге, болашақта газ барлық жобаларға газдың жету себебі үшін. Қазіргі жобада, бірақ мынау жолдағы келе жатқандағы ауданды, елді мекендерге ол біздер отвод дейміз, технический тілмен. Ол қалдырылады да, мысалы елді мекенге қанша газ керек, оны қазір осы техникалық-экономикалық жобаға салу керек. Қазіргі техникалық-экономикалық жобада, мысалы, Астанадан Көкшетау үшін 600 миллиметр жалпы диаметрі. Енді соны біз 1000 миллиметрге дейін жеткізуді көздейміз.

РКС: Жоба бойынша магистральдық газ құбырының трассасы Шортанды, Ақкөл, Бұланды, Бурабай және Зеренді аудандары, сондай-ақ Көкшетау қаласы арқылы өтеді деп күтілуде. Бұл 337 елді мекен қамтылып, 480 мың тұрғын көгілдір отынның игілігін көреді деген сөз. Осылайша облыста газдандырудың жалпы деңгейін 29-дан 85 процентке дейін жеткізуге мүмкіндік бермек. 

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: «Есіл-Астана» газ құбыры дәл осы Көкшетау қаласына дейін тартылады. Яғни, «Сарыарқа» мен «Есіл» газ құбырлары жоспар бойынша, Көкшетауда қосылады. Бізге Ресей Федерациясынан қосымша газ көлемі беріледі және біз аудандарымызды газбен жабдықтауды одан әрі кеңейтеміз. Көгілдір отын өңірге 2029 жылы келеді деп күтілуде. Бірақ барлық жұмыстар жоспарлы жүргізіліп, дайын болған жағдайда Көкшетау қаласына дейінгі газ құбырының құрылысы 2028 жылы да аяқталуы мүмкін.

 РКС: Қазір облыс бойынша 74 мың тонна мазут пен 860 мың тонна көмір сатып алуға жыл сайын 14 миллиард теңге қаражат жұмсалады. Газ құбыры тартылып, табиғи газға көшкен жағдайда ауаны түтін мен күлден тазартып, бюджет шығыстары шамамен екі есе, яғни 7 миллиард теңгеге дейін үнемделмек. 

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу