Негізгі Жаңалықтар «Үлгілі жүргізуші» акциясының үздіктері марапатталды

«Үлгілі жүргізуші» акциясының үздіктері марапатталды


ДИКТОР: Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес Ақмола облысында «Үлгілі жүргізуші» акциясы ұйымдастырылды. Шара барысында жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, өзгелерге өнеге болып жүрген бірқатар жүргізуші марапатталды. Олардың қатарында білім беру ұйымдары мен түрлі мекеменің өкілдері бар.

РКС: Акция аясында тәртіп сақшылары жүргізушілермен кездесіп, жол қозғалысы ережелерін сақтау мен қауіпсіздік мәселелеріне назар аударды. Іріктеу кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері мен айыппұлдардың болмауы ескерілді. Нәтижесінде өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын азаматтар марапатқа ұсынылды.

ИНТЕРШУМ: 

СНХ: ВЛАДИМИР КОМОВ, АБАЙ АТЫНДАҒЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН №3 ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ: «Дарын» мектеп-интернатында 2004 жылдан бері жұмыс істеймін. Еңбек өтілім – 22 жыл. Оқушыларды олимпиадаларға, түрлі жарыстарға тасымалдаймыз. Жүргізуші ең алдымен жол ережесін сақтап, белгіленген жылдамдықан асырмауы тиіс. Жол қозғалысының барлық қатысушыларына құрметпен қарауы керек. Осындай шара ұйымдастырып, бізді шақырып, еңбегімізге құрмет көрсеткендеріне өте қуаныштымын.

РКС: Марапат иелерінің басым бөлігі – көпжылдық тәжірибесі бар жүргізушілер. Солардың бірі – Бота Бекмағамбетов. Бұл салада 41 жылдан бері табанды еңбек етуде. Осы жылдар ішінде қызметіне жауапкершілікпен қарап, кәсібіне адалдығын танытып келеді.

СНХ: БОТА БЕКМАҒАМБЕТОВ, «КӨКШЕ ЭНЕРГО» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ: Микроавтобуста кісі тасимын дежуркада. Міне алтыншы жыл кетіп барады. Жұмыс бәрі жақсы, өзіме ұнайды. Сменмен жұмыс қой. Көшеде жүргенде сақ болу керек, жүргізушілердің бәрін ойлау керек, скоростной режимді сақтау керек, жаяу жүргіншілерді өткізу керек. Соның бәрін сақтау керек. Бүгін сыйлап шақырып жатыр, көптен-көп рахмет. Біздің жұмысымызды ақтап дегендей. Ешқандай заңды бұзбай, штраф алмай дегендей, солай жүрміз. Стажым менің 41 жыл, категориям бәрі бар, жұмыс істеп жатырмын.

РКС: Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында өңірде бірқатар жұмыстар атқарылуда. Биыл өңірде жол-көлік оқиғаларының саны 35 процентке төмендеген. Дегенмен, жолдағы тәртіп пен жүргізушілердің жауапкершілігі күн тәртібінен түскен жоқ.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу