Негізгі Жаңалықтар Кассалық түбіртек арқылы автокөліктер ойнатылады

Кассалық түбіртек арқылы автокөліктер ойнатылады


ДИКТОР: Дүкенде сатып алған затыңыздың ақшасын төлеген соң түбіртек аласыз ба? Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мұны әрбір сатып алу кезінде жасауға кеңес береді. «Amian сервисінде автомобильдер мен бағалы сыйлықтар ұтысы» республикалық акциясы азаматтардың кассалық тәртібін арттыруға бағытталған. Шара аясында қазақстандықтар арасында машина мен гаджеттер ойнатылады. Қатысу үшін фискалды түбіртектерді арнайы платформада тіркеу қажет. 

РКС: Акция 10 қарашада Мемлекеттік кірістер комитеті мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен іске қосылды. Сыйлықтар алты кезеңнен тұрады. Желтоқсаннан мамырға дейін қазақстандықтар арасында 12 жүлде сарапқа салынады. 6 автомобиль, 2 телефон, 2 ноутбук, сондай-ақ 2 планшет. Әр кезеңде сатып алушылар мен кәсіпкерлер арасында бір бір жеңімпаздан анықталады.

СНХ: НҰРЛАН МАХАМБЕТ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Акцияға қатысу үшін жеке тұлғаға «Amian» мобильді қосымшасын орнату қажет. Тіркеуден өтіп, «Amian Business» сервисіне қосылған кәсіпкерден сатып алу және фискалды түбіртек алу керек. Оны осы қосымшада сканерлеп, акцияға қатысуға жіберу қажет. Одан кейін қатысушы автоматты түрде тіркеледі және осы сыйлықтарды жеңіп алу мүмкіндігіне ие болады.

РКС: Платформада тіркеуге арналған түбіртектің ең аз сомасы бір мың теңге. Ал төлемді растауды сатып алған сәттен бастап 24 сағат ішінде сканерлеу қажет. Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдан бастап Қазақстанда кассалық түбіртекте сатып алынған тауардың, жұмыстың немесе қызметтің нақты атауы болуы тиіс. Осылайша мемлекеттік кіріс органдары сатып алушылар мен сатушылардың салық мәдениетін нығайтуға үміттенеді.

СНХ: ЕКАТЕРИНА ЯКУБИ, КАССИР: Біз әрдайым өз сатып алушыларымызға түбіртек алуды ұсынамыз, себебі бұл олардың біздің дүкеннен тауар алғанын көрсетеді. Сондай-ақ кейіннен тауарды қайтару немесе айырбастау кезінде кенеттен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тауарды айырбастауға мүмкіндік береді.

РКС: Мұндай акциялар халық арасында бағалы сыйлықтардың ұтысы ғана емес. Кассалық аппаратты қолданбау және түбіртек беруден бас тарту салықтан жалтару әрекетiн көрсетуi мүмкiн. Сондықтан мұндай іс-шаралар халықтың хабардар болуын арттырады, бизнесте цифрлық құралдарды пайдалануға мүмкіндік береді және саудадағы ақшалай қаражаттың көлеңкелі айналымымен күресуге көмектеседі.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, НАИР ЗАХОВАЕВ, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.


Бөлісу