Негізгі Жаңалықтар Аймақта 150-ге жуық педиатр бар

Аймақта 150-ге жуық педиатр бар


ДИКТОР: Аймақта 140-тан астам педиатр еңбек етеді. Олар күн сайын кішкентай науқастардың денсаулығын бақылап, қажетті медициналық көмек көрсетеді. Облыстық балалар ауруханасында жыл басынан бері мыңға жуық бала ем қабылдаған. Арнамыздың түсірілім тобы дәрігерлердің бір күндік жұмысымен танысып қайтты. 

РКС: Ақмарал Ыбыраева - облыстық көпбейінді балалар ауруханасының педиатры. 14 жылдық тәжірибесі бар дәрігер қазір екі айдан екі жасқа дейінгі сәбилер емделетін бөлімшеде жұмыс істейді.

СНХ: АҚМАРАЛ ЫБЫРАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ПЕДИАТР ДӘРІГЕРІ: Бұл жастағы балалардың сырқатын анықтау оңай емес. Өйткені олар өз жағдайын сөзбен жеткізе алмайды. Сондықтан ата-анасымен де тығыз байланыс орнатуға тырысамыз. 

РКС: Жыл басынан бері бөлімшеде мыңға жуық бала емделген. Оның 33-і жансақтау бөлімінде ем алған. Ауыр халдегі науқастарға шұғыл көмек көрсетіліп, емдеу шаралары тәулік бойы жүргізіледі.

СНХ: АЙСҰЛУ СҰЛТАНОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Менің бес немерем бар. Кенже немерем жеті айлық. Қатты ентігіп, өкпесі қабынған соң облыстық ауруханаға жеткіздік. Дәрігерлер бірден көмек көрсетті. Барлық дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне алғыс айтамын. Қазір немеремнің жағдайы жақсы. 

СНХ: АЛУА АМАНГЕЛДІ, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Біз облыстық балалар ауруханасына екінші рет келіп жатырмыз. Осы бөлімшенің ұжымына үлкен алғысымды білдіремін. Балама көп көмек көрсетіп жатыр. Барлық дәрігерлер мен медбикелерге рақмет!

РКС: Бөлімше 23 төсек-орынға шақталған. Мұнда дәрігерлер мен медбикелер бірлесе жұмыс істейді. Медбикелер ем-шараларды орындап, әр баланың жағдайын мұқият бақылайды.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу