Келер жылы Қорғалжын ауылында орталықтандырылған жылу жүйесінің құрылысы басталады
ДИКТОР: Облыс әкімі Марат Ахметжанов Қорғалжын ауданына жұмыс сапары барысында тұрғындармен кездесті. Онда газбен қамту, жылыту жүйесі және әлеуметтік нысандарды жөндеу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ күзгі егін жинау науқанының қорытындысы шығарылып, тұрғындарды толғандыратын мәселелер де сараланды.
РКС: Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары сөз болды. Ауыл шаруашылығымен қатар, тұрғындарды ауыз сумен қамту, жолдарды жөндеу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және әлеуметтік нысандардың жағдайын жақсарту мәселелері талқыланды. Алдағы жылы елді мекендердегі жолдарды жөндеуге 1 миллиард теңге қарастырылған. Сондай-ақ, Қорғалжын ауылында алғаш рет орталықтандырылған жылу жүйесін іске қосу жоспарланып отыр.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: 2 – 3 жыл болды, осы Президенттің бастамасы дер кезінде диқандарды қаржыландыру мәселесі. Үлкен қомақты қаржы беріп жатыр екі үш жыл қатарынан. Биылдың өзінде ғана көктемгі егінді жинау науқанына 132,5 миллиард теңге жеңілдетілген бес пайыздық несие берілді. Оның ішінде ағымдағы жылы аудан фермерлеріне 6,4 млрд теңгеге субсидиялар мен жеңілдетілген кредиттер алу мүмкіндігі болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда бір миллиард теңгеге артып отыр. Егін жинау науқаны аяқталды, бірақ жұмыс осымен бітпейді. Алда жаңа міндеттер тұр, соның бірі жоғары пайдалы дақылдар алқаптарын кеңейту. Соңғы үш жылда ауданда майлы дақылдар алқаптары 7 есеге жуық - 3 мыңнан 21 мың гектарға жетіп отыр.
РКС: Бұдан бөлек, қолжетімді жеңілдік лизингі бағдарламасын пайдаланудың арқасында, биыл ауданның ауыл шаруашылығы техникасының паркі 8,6%-ға жаңартылды. Жалпы сомасы 1,9 миллиард теңгеге 60-қа тарта ауылшаруашылығы техникасы сатып алынды. Бұдан бөлек өңір басшысы ауданның әлеуметтік мәселелеріне де тоқталды. Мұнда бұған дейін орталықтандырылған жылу беру жүйесі және газ болмаған. Бұл мәселені шешуге де назар аударылды.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Президент айтқандай, им сегодня, сейчас нужно. Ол бүгін керек, қазандық. Ол бір мәселе. Оны шешеміз. Екінші, газдандыру мәселесі. Көп елдер, аймақтар қуанып жатыр, 337елді мекенге 2028-2029 жылы облысқа газ келеді. Екінші кезең Астана Көкшетау газ тартылады. Ар жағынан Сібірден Пертопавл мен Есілден газ келеді де Көкшетауда екеуі қосылады. Сондықтан 2027 жылы Шортанды, Ақкөл, Бұланды, Бурабай, Көкшетау газ құбыры кетеді. Қосшыны 1,5 жыл бұрын толық газдандырып шықтық. Енді 2027 жылы газды Ақмолға тартып жатырмыз. 2027 не 2028 жылы газ береміз. Ақмолдан Қорғалжынға тартамыз.
РКС: Бұдан бөлек ауданда әлеуметтік салада маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Қорғалжын ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды және аудандық аурухананың ғимараты күрделі жөнделді. Сабынды ауылында мәдениет үйін жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Ол келер жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ Шалқар ауылындағы мәдениет үйі де күрделі жөнделеді. Білім беру нысандары да жүйелі негізде жөнделуде. Соңғы екі жылда ғана осы мақсаттарға 450 миллион теңгеден аса қаражат бөлінді. Кездесу соңында ауданның бірқатар мектеп оқушысы үздік нәтижеге жеткені үшін облыс әкімінің атынан арнайы марапаттарға ие болды.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ДӘРИЯ СЕРІКБАЙ, АРЫҚТЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Республикалық, облыстық олимпиадаларға қатыстым. Осы нәтижесінде түрлі жетістіктерге жеттім. Қазіргі уақытта ҮБТға тұрақты түрде дайындалып, түрлі олимпиадаларға қатысып жүрміз. Әсерім өте жақсы. Ең алдымен облыс әкімі Марат Мұратұлына үлкен рақмет айтамын. Сонымен қатар мені осы сайыстарға дайындаған мұғалімдеріме алғысым шексіз.
РКС: Кездесу барысында аудан тұрғындары жол жөндеу, ауыз сумен қамту, тұрғын үйлердің шатырын жаңарту және су тасқынының алдын алу мәселелерін де көтерді. Өңір басшысы бұл бағыттарда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісті. Атап айтқанда, келер жылы Қорғалжын ауылында орталықтандырылған жылу жүйесінің құрылысы басталады. Жоба аясында жаңа қазандық салынып, 8 шақырым жылу желісі тартылады. Бұған қоса, төрт елді мекеннің жолдарын жөндеуге 1 миллиард теңге қарастырылған. Тұрғындар көтерген мәселелер бойынша аудан әкімдігіне тиісті тапсырма берілді.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ