«Көкше цемент» зауыты жұмысын қайта жандандырды
ДИКТОР: «Көкше-Цемент» зауыты жұмысын қайта жандандырды. Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жәркешов жұмыс сапары аясында кәсіпорынның өндірістік барысымен танысты. Сапар аясында өндірістік процестің ұйымдастырылуын бағалады. Сонымен қатар зауыт басшылығымен кәсіпорынның алдағы даму жоспарларын талқылады.
РКС: Қаржылық қиындықтар салдарынан кәсіпорын ұзақ уақыт тұралап қалған. Бүгінде облыс әкімдігінің қолдауымен зауыт жұмысы қайта жанданды. Жаңа инвестор жаңғыртуға 10 миллиард теңгеден астам қаржы құйған. Кәсіпорынның қалыптасқан еңбек ұжымы сақталып қалды. Бүгінде мұнда 500-ден астам адам еңбек етеді. Жалақы уақытылы төленіп, жаңа меншік иесі жұмысшылардың еңбекақысын 30 процентке көтерген.
СНХ: ЕРНАР ЖӘРКЕШОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ең басты мақсат — осы зауыттағы 600 адамның айлықтарын кешіктірмей төлеу және де оларға жақсы жағдай жасау. Соның шеңберінде қазір инвестормен шеңберінде осы 600 адамға айлыққа ұлғайтылып, енді әрі қарай тұрмыстық жағдайлар жасалып жатыр. Жаңа ара мен осы зауыт жұмысшыларымен кездесіп шықтым, жағдайлары жақсы және де ешқандай шағымдары жоқ. Әрі қарай да президенттің тапсырмасымен осы үлкен президентіміздің жолдауында келесі жылы жалпы жалпыұлттық құрылыс жарияланды. Соның шеңберінде Көкшетау цементінің тауарлары, жалпы цементі өте өзекті, сұранысқа пайда.
РКС: «Көкше-Цемент» кәсіпорны 2017 жылдың қыркүйегінде Заозерное ауылында іске қосылған. Кәсіпорынның жеке шикізат базасы мен қалыптасқан логистикалық жүйесі бар. Өндіріс орны жылына 2 миллион тоннаға дейін цемент өндіруге қауқарлы. Зауыттың өндірістік қуаты солтүстік өңірдің цементке деген қажеттілігін толық өтеуге жетеді.
СНХ: ТИМУР ӨТЕШЕВ, ЗАУЫТТЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Биыл шамамен 1,5 миллион тонна өнім шығаруды жоспарлап отырмыз. Өндіріске қажетті шикізаттың барлығын өзіміз өндіреміз. Әктас пен аргиллит шығаратын жеке карьеріміз бар. Сырттан шикізат жеткізуге қажеттілік жоқ. Шикізатты тасымалдау мен өндіріс жұмыстарына жергілікті тұрғындар және кәсіпкерлер тартылады. Мемлекет басшысы жариялаған ауқымды құрылыс жобаларын қажетті цементпен қамтамасыз етуге дайынбыз.
РКС: Мұндай кәсіпорындардың басты мақсаты құрылыс саласын отандық материалдармен қамтамасыз ету. Үкіметтің мәліметтеріне сәйкес, бүгінде қазақстандық кәсіпорындар құрылыс материалдарына деген ішкі сұраныстың төрттен үшіне жуығын өтеп отыр. Ал мемлекеттің міндеті - жұмыс істеп тұрған зауыттардың өндірістің қуаттылығын арттып, қажеттілікке қарай өнім көлемін ұлғайту.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ТЕМІРЛАН САБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ