Негізгі Жаңалықтар Аймақ басшысы бірқатар маңызды нысанның жұмысымен танысты

Аймақ басшысы бірқатар маңызды нысанның жұмысымен танысты


ДИКТОР: 10 қарашада өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов еліміздегі 350 мыңға жуық ескірген тұрмыстық газ баллондарын шұғыл ауыстыруды және отандық өндіріс көлемін арттыруды тапсырды. «Тыныс» акционерлік қоғамына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Марат Ахметжанов осы кәсіпорында шығарылатын қауіпсіз газ баллондарының құрылғыларына, өндіріс орнының қуаттылығына назар аударды. Өңір басшысы бұл күні сондай-ақ жаңа кірпіш зауытының құрылысымен танысып, бұршақ, майлы және дәнді дақылдарды қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорынның жоспарларын сұрап білді. Тілші баяндайды.    

РКС: Көкшетау қаласында орналасқан «Тыныс» акционерлік қоғамы авиация, қорғаныс, медицина, мұнай-газ, теміржол және тұрмыстық салаларға арналған өнімдердің кең түрін шығаратын ірі машина жасау зауыты. 1964 жылдан бері сұйытылған көмірсутекті газға арналған сенімді және жарылысқа қауіпсіз тұрмыстық газ жабдықтарын шығарады. Кәсіпорын жылына 60 мың данаға дейін баллон өндіруге қауқарлы және жаппай өндірісті іске қосты.

СНХ: ҚАЙРАТ ҚАЛМАНБАЕВ, «ТЫНЫС» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 20 жылдан кейін темірдің өзі ескіре бастайды. Үйге әкелгенде газдың иісі шығып тұрса темірден газ шығып тұр деген сөз. Бұл өте қауіпті. Адам өмірін зияны бар, сондықтан алдыңғы жылы бізге тапсырма беріліп, сол өндірісті қайта жаңғыртып, жаңа технологиялар шығарылып, соны игердік. Бұл бағдарлама үкімет тарапынан да, облыс әкімі тарапынан да қолдау тауып тұр, ол әрмен қарай да дамиды деп ойлаймыз.

РКС: Өңірде қауіпсіздік талаптарының сақталмауынан газ баллондарының жарылуына байланысты адам өліміне әкелген қайғылы жағдайлардың орын алғаны белгілі. Сондықтан сапалы өнімді халыққа ұсынатын кез келді және ескі баллондарды жаңасына ауыстыру жұмыстарын жеделдету күн тәртібінде. 

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Ең бастысы қауіпсіз баллондардың өндірісін жасап, қанша мүмкіндігіміз бар шығара алатын. Үкімет отырысында осы сұрақ көтерілді. Осы Көкшетау зауыты айтылды. Енді жалпы адамдардың денсаулығына, өміріне қауіп болмау үшін қазір біз қанша мүмкіндігіміз бар, қанша баллон шығара аламыз, соның бәрін есептеп, Үкімет басшысына жолдауымыз керек. Шешім қабылдап, тапсырма беріп, сондықтан қазір өз мүмкіндіктерімізді, өндірісті республика көлемінде қамтуға мүмкіндігіміз бар ма, ең бірінші соған назар аударуымыз керек.

РКС: «Кірпіш зауыты» серіктестігі жылына 60 млн дана кірпіш шығаратын зауыттың құрылысы келер жылы аяқталады. Жобаға тартылған инвестиция көлемі 13,7 млрд теңге. Кәсіпорын іске қосылған сәтте 200 адамды жұмыспен қамтымақ. Өңір басшысы зертханада тексерістен өткізіліп жатқан өнімнің сапасына мән берді. Өйткені, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес барлық ауқымды құрылыс жұмысына отандық өнім қолданылады. 

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Ауқымды халықтық құрылысы ол жерге қазіргі Ақмола облысы бастап кеттік. Театр саламыз, стадион саламыз, тағы да үлкен құрылыстар бар, соған бәріне өзіміздің жергілікті құрылыс материалдары болуы керек. 

РКС: «Garanti Exporti» серіктестігі Былтырдан бері бұршақ, майлы және дәнді дақылдарды қайта өңдеумен айналысып келеді. Қуаттылығы жылына 30 мың тонна. Өнімді тек ңшкі нарықтан бөлек, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Түркия, Әзербайжан, Тәжікстан, Грузия мен Евроодақ елдеріне экспортталады. Аталған кәсіпорынның жұмысымен танысқан өңір басшысы мұндай өндіріс орындарының қажеттілігіне баса назар аударды. 

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Біз өндірісті кеңейту мәселесін қарастыруға дайынбыз. Майлы дақылдар мен басқа да дақылдарды егуге бір миллион гектардан астам жер бөлінеді. Табысты дақылдарға сұраныс жоғары, сондықтан біз негізгі назарды соларға аударатын боламыз. Биыл жоғары сапалы өнім алудың және озық агротехникалық тәсілдерді қолданудың арқасында біз шамамен 900 000 тонна майлы дақыл жинадық – бұл Ақмола облысы тарихындағы алғашқы көрсеткіш. Біз майлы дақылдар егілетін алқап көлемін төрт жарым есеге ұлғайттық.


РКС: Көкшетаудағы бірнеше кәсіпорынның жұмысымен танысқан облыс әкімі алдағы уақытта қуаттылықты арттыру, сапаға мән беру және жаңа жұмыс орындарын құру мәселесіне баса назар аударуды тапсырды.

ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.


Бөлісу