Негізгі Жаңалықтар Ауданда 16 спорт және балалар алаңы пайдалануға берілді

Ауданда 16 спорт және балалар алаңы пайдалануға берілді


ДИКТОР: Целиноград ауданының бірнеше елді мекенде 16 спорт және балалар алаңы қолданысқа берілді. Жаңа нысандар жергілікті кәсіпкердің қолдауымен салынды. Әткеншектер мен түрлі сырғанақтар орнатылған ойын алаңдары балалардың сүйікті орнына айналса, ересектер таза ауада дене шынықтыруға арналған жаттығу құрылғыларын пайдалана алады. Ақмол, Тасты, Арайлы, Қабанбай батыр, Рахымжан Қошқарбаев, Оразақ, Ақжар, Шалқар, Қаражар және Жаңаесіл ауылдарының тұрғындары үшін көптен күткен жаңалық. Жаңа кеңістік балалардың ойнауына, ал ересектердің шынығуына таптырмас мүмкіндік. Бұл нысандар аудандық әкімдіктің бастамасымен қысқа мерзімде салынды. Енді балалар футбол ойнап, бос уақыттарын таза ауада пайдалы әрі қызықты өткізе алады. Айта кетейік, қазір Целиноград ауданында 91 мыңнан астам адам тұрады. Аудан құрамына 49 елді мекен кіреді. Алдағы уақытта дәл осындай балалардың ойын және спорт алаңдарын өзге де ауылдарда салынбақ. 

СНХ: АЙЫМГҮЛ ЫСҚАҚОВА, ОРАЗАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бұл жерде бұрын ештене болмады. Қазір мынау балаларға осындай площадка жасап, өте қуаныштымыз. Аудан, ауыл әкімдеріне осындай балаларға жасап бергеніне үшін рахмет. Менде үйде немерелер көп қой. Күнде осында келіп ойнап жүреді балалар. 

СНХ: ЛИДАР САМАТ, КӨПБАЛАЛЫ АНА, ОРАЗАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бізде площадка биыл салынды, жазда. Қуаныштымыз өйткені балаларымыздың бәрі таңертеннен кешкіге осында ойнайды, сабақтардан кейін уақытта. Мен кішкентаймен келемін, кішкентайым үште. Ол ойнайды, мен дәл осы жерде физикалық жаттығулар жасаймын. Осы жоқ кезде балаларға алаңдатынбыз, көшеде машина әкете ма, қалай жүреді. Қазір осы алаңның ішінде ойнайды да жүреді. 


Бөлісу