Көпжылдық гүлдерді қыс мезгіліне дайындауда
ДИКТОР: Көкшетауда қаланы көпжылдық өсімдіктермен көгалдандыру жалғасуда. Биыл 65 мыңға жуық бұта мен көпжылдық гүл, 700-ге жуық ірі көлемді ағаш көшеті отырғызылды. Қазір мамандар жасыл желекті қыс мезгіліне дайындау үшін қажетті жұмыстар жүргізуде.
РКС: Қалалық гүлзарларда қазір жергілікті климатқа бейімделуге қабілетті көпжылдық өсімдіктер өсірілуде. Мамандардың айтуынша, бұған дейін отырғызылған гүлдер жақсы жерсініп, жайқалып өскен. Бұл жұмыстар жаңа маусымда да жалғасын табуда.
СНХ: РАСИМ ХАМИТОВ, МЕРДІГЕР ҰЙЫМНЫҢ БАСШЫСЫ: Біз екі маусымнан бері өңірімізде көпжылдық өсімдіктермен жұмыс істеп келеміз. Олар біздің климатта жақсы өсті. Осы позициялармен жұмысты жалғастырып, қаламызда көпжылдық ағаштар мен гүлдерді өсірудеміз.
РКС: Қазір негізгі жұмыстар көгалдандырылған аумақтарды қысқы кезеңге дайындауға бағытталған. Мамандар күн суытып, аяз түскен кезде зақымданудың алдын алу мақсатында суару жүйелеріндегі суды үрлеп, тазарту жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар бұталар мен гүлдерге маусымдық кесу жұмыстары жасалды. Аталған шаралар жасыл желектердің қыстан аман шығып, көктем мезгілінде қайта жайқалып өсуі мен гүлденуі үшін маңызды.
СНХ: ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН-ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ, АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: 2025 жылдан бері көпжылдық өсімдіктерді отырғызу практикасы қолға алынды. Өткен жылы, 2025 жылы, «Көк шалғын» және Жаңа жағалаудың учаскелерінде көпжылдық өсімдіктер отырғызылған болатын. Бұл жұмыстар жол бойындағы абаттандыру жұмыстары аясында жасалды. Халық тарапынан да көпжылдық өсімдіктерге жақсы, оң көзқарас қалыптасты. Қазіргі уақытта, биылғы жылы, 2026 жылы, бұл жұмыстарды біз әрі қарай жалғастырамыз. Биыл бұл жұмыстарды бізде «Nord Botanic» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мердігерлік ұйымы атқаруда. Жалпы, бұл келісімшарт 2026–2027 жылдарға арналған. Бұл келісімшарт аясында көпжылдық өсімдіктер отырғызу, ағаш отырғызу жұмыстары қарастырылған.
РКС: Былтырдан бері Көкшетауда 140 мыңнан аса көпжылдық өсімдік пен бұталар отырғызылды. Қалада көгалдандыру және жасыл желектерді күтіп ұстау жұмыстары жалғасуда.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЕЛДОС ЖӘРКЕН, КӨКШЕ АҚПАРАТ