Негізгі Жаңалықтар 60 балғын патриотты тоғыстырған слет

60 балғын патриотты тоғыстырған слет


ДИКТОР: Көкшетауда «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының слеті өтті. Жас буынның басын қосқан тағылымды шараға студенттер, жастар ұйымдарының жетекшілері мен белсенділері қатысты. Басты мақсат - өскелең ұрпақтың бойына Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастырып, бірлік пен командалық рухты нығайту. Жастардың әскери-патриоттық бағыттағы басқосуы туралы тілші материалында.

ИНТЕРШУМ: 

РКС: 60-қа жуық жасты бір алаңға жинаған слет мазмұнды әрі танымдық бағдарламаға ұласты. Қатысушылардың назарына түрлі бағыттағы шаралар ұсынылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай басқосулар жастар арасында жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.

СНХ: АСХАТ АХМЕТ, «SANALY URPAQ-2050» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ: Бүгінгі бағдарлама аясында пікір алмасу алаңдары, зияткерлік ойын және әскери бөлімге экскурсия ұйымдастырылды. Барлық шара 1 күннің ішінде өтеді. Біз мұндай кездесулерді жастардың бойына патриоттық сезім қалыптастыру және олардың дүниетанымын кеңейту мақсатында жыл сайын өткіземіз. Бұл бастамаларды 5510 әскери бөлімімен және оқу орындарымен бірлесе жүзеге асырып келеміз.

РКС: Жиынға қатысқан жастардың көбі әскери-патриоттық бағыттағы шаралардан қалыс қалып жүрген жоқ. Мектеп қабырғасынан бастап түрлі байқаулар мен сайыстарда бақ сынап, көшбасшылық қабілеттерін шыңдап жүрген өрендер елге қызмет етуді азаматтық борыш санайды.

СНХ: МИХАИЛ ИОТОВ, СЛЁТКЕ ҚАТЫСУШЫ: Мен үшін бұл шараның маңызы зор. Өйткені ол жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыруға ықпал етеді. Өз басым болашақта әскери борышымды өтеп, мүмкін болса, осы салада қалып, әскери қызметімді жалғастырып, мансап құрғым келеді. «Жас Сарбаз» қозғалысы маған ерекше ұнайды. Мектепте оқып жүрген кезімде де осы бағыттағы шараларға белсенді қатысатынмын.

СНХ: БЕКДӘУЛЕТ СЕЙФУЛЛА, СЛЁТКЕ ҚАТЫСУШЫ: Қазіргі келешек ұрпақты қызықтыру деп есептеймін. Себебі бұл бізге көмектеседі. Армияға барып, борышымызды өтеуге көмектеседі. Былай айтқанда өмірге қажет заттар ғой. Біз мектепте НВП болған кезде, жалпы көптеген жарыстарға қатысқанбыз. Мысалға: «Айбын», турнир және тағы басқа жарыстар болған. Топпен біз 3 дүркін облысы чемпионы болғанбыз.

РКС: Жас Сарбаз» қозғалысының негізі 2018 жылы қаланды. Бүгінде ұйым өңірдегі барлық мектеп пен колледжде жұмыс істейді. Ал республика көлемінде әскери-патриоттық қозғалысқа 280 мыңнан астам жасөспірім тартылған. 

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу