Негізгі Жаңалықтар Оқылған кітап ойға азық...

Оқылған кітап ойға азық...


ДИКТОР: Көкшетауда «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Оқылған кітап ¬ойға азық» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оған қатысқан мемлекеттік қызметшілер, білім саласының өкілдері мен кітапхананың тұрақты оқырмандары өздері оқып жатқан әдеби шығармаларын талқылап, ой бөлісті.   

РКС: Дөңгелек үстелдің мақсаты кітап оқу мәдениет қалыптастыру және насихаттау, оқырмандардың белсенділігін арттыру, көркем және танымдық әдебиеттер арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, білім көкжиегін кеңейту, кәсіби әрі тұлғалық дамуға ықпал ету.

СНХ: СЕРІК ЖЕТПІСҚАЛИЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: қай саланың қызметкері де, бәрі де оқырман болу керек, сонда ғана адам жетіледі. Білімін толықтырады. Бүгін мемлекеттік қызметкерлер қандай кітап оқып жүр екен, оларды қандай кітаптар қызықтырады екен, әрқайсысының оқыған кітаптарын талдауға тырысамыз, бір-бірімізге жақсы кітаптарды айтуға тырысамыз. Сол арқылы мемлекеттік қызметкерлер арасында кітап оқуға деген құлшыныс артады деген ойдамыз.

РКС: Дөңгелек үстел басына жиналғандар соңғы оқыған кітаптарының сюжеттік желісін, мазмұнын ортаға салып, көңілге түйгендерімен бөлісті.

СНХ: АҚЕРКЕ ҚОНЫСБЕК, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Мен қазіргі таңда бес кітапты оқып бітірдім. Соның арасында маған ұнағаны Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі».ол ата-бабаларымыздың сол кездегі тарихи оқиғалармен жасалған шығармалардың бірі.ол жерде көбінесе әйелдің бостандығы жайлы әңгіме қозғалады. Әйелдер теңсіздігі, әйелдерге сол кезде құрметті білдірмеуі, қиындықтары баяндалады. осы шығармалардың ішінде «Шұғаның белгісі» маған қатты ұнады.

РКС: Кездесу барысында кітаптың адам өміріндегі және қызметтегі маңызы талқыланып, оқылған шығармалар бойынша пікір алмасылып, қатысушылар тағылымды ойларымен және өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.  

ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ 


Бөлісу