«Оқжетпес» футбол клубына құрмет көрсетілді
ДИКТОР: Қазақстан Премьер-лигасында төртінші орын алып, еврокубоктарға жолдама алған «Оқжетпес» футбол клубы Көкшетауда өткен арнайы салтанатты шарада құрметке бөленді. Енді команда европалық футбол аренасында аймақтың намысын қорғайтын болады. Облыс әкімі Марат Ахметжанов ойыншыларды, бапкерлер штабын, басшылықты және жанкүйерлерді осы жетістіктерімен құттықтады.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Бұл маусым «Оқжетпес» футбол клубы үшін соңғы жылдардағы ең табысты кезеңнің бірі болды. Команда Премьер-лига көшбасшыларының қатарынан орын алып қана қоймай, европалық турнирлерге қатысу құқығына да ие болды. Көкшетауға келген сәтте ойыншыларды, бапкерлер құрамы мен клуб басшылығын жиналған қауым жылы қарсы алды. Өз сөзінде аймақ басшысы бұл оқиғаның бүкіл өңір үшін тарихи маңызы зор екенін атап өтті.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Құрметті достар спорт саласындағы үздіктерді атап өту жақсы дәстүрге айналды. Бүгін біз өз еңбегімен жана талантымен осындай қуаныш сыйлаған спортшыларға құрмет көрсетеміз. Барша команданың табыс өнер көрсетуімен құттықтаймын. Баршаңызды бүгінгі мерекемен тағы да бір мәрте құттықтай отырып, мол бақыт, береке, бірлік сарқылмас қуат пен жанас спорт табыстармен жеңістерді тілеймін. Еліміз бен ақ жолы болсын! Спорт саласы қарыштап алға дами берсін! Өкжетпес командасы әрқашан бізді жақсы жеңістермен қуанта берсін!
РКС: Бас бапкер мен ойыншылар үшін бұл нәтиже ұжымдық күш-жігердің жемісі. Ойыншылардың өздері мойындағандай, маусым басында команданың табысқа жететініне бәрі бірдей сене қоймаған еді. Алайда ауызбіршілік, басшылық тарапынан көрсетілген қолдау және өз күштеріне деген сенім оларға мақсаттарына жетуге көмектесті.
СНХ: РИНАТ АЛЮЕТОВ, «ОҚЖЕТПЕС» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ БАС ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: Керемет той бүгін сізге арналған өлең футбол командасына біз биыл жақсы нәтиже көрсетіп осы маусымда турнирші орын алып Еурокубокқа түстік. Осындай күшті мереке бізге жасап тұрғаныңызға бәріне рахмет айтамыз. Мын алғыс айтамыз. Жанкүйерлер көп, бізді қолдап отырған соларға бәріне рахмет айтам //.
РКС: Өңір басшысы команданың бас жаттықтырушысы, бапкерлер штабы, клуб жетекшісі мен әр ойыншының жеңіске жетудегі үлесін атап өтті. Өткен маусымда ерекше ойынымен көзге түскендерге «Маусымның үздік ойыншысы», «Жас үздік ойыншы», «Үздік шабуылдаушы», «Жанкүйерлердің таңдауы» және «Адалдық пен мінезі үшін» аталымдары бойынша естелік сыйлықтар табыс етілді.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ТОҚТАР ЖАҢҒЫЛЫШБАЙ, «ОҚЖЕТПЕС» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ КАПИТАНЫ Маусым біз үшін өте жақсы өтті. Маусымның басында бізге ешкім үлкен сенім артпағанымен, маусымның соңында төртінші орынға ие болып, Еурокубок аймағына жолдама алдық. Осылайша, бүкіл Ақмола облысының тұрғындарын қуанттық. Біздің командамызда жақсы ойыншылар өте көп. Орта буын футболшылар да бар. Бірақ біз ауызбіршілікпен жұмыс істеп, бас бапкердің басшылығымен бір отбасыдай жұмылып, облысқа осындай мереке сыйладық. Енді облыс әкімі Марат Мұратұлына, қала әкімі Ануар Күмпекеевке, Иван Адамовичке үлкен алғысымды білдіремін. Керемет адамдар, барлығына мың алғыс!
СНХ: САЯН МҰҚАНОВ, «ОҚЖЕТПЕС» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ ҚОРҒАУШЫСЫ: Мен бұл командаға биыл бас бапкеріміз Ринат Мұратұлы Әлюетовтің шақыруымен қосылдым. Команда құрамында болғаныма өте қуаныштымын. Сондай-ақ, туған қалам — Көкшетау үшін осындай маңызды әрі тарихи нәтижеге қол жеткізгенімізге қатты қуанып тұрмын. Мен кәсіби деңгейде 18 жасымнан бері өнер көрсетіп келемін, бұл — менің он екінші маусымым.
РКС: Нәтиже тек ойыншылар құрамының еңбегі ғана емес. Ауыл шаруашылығы саласы, іскер қауымдастық және жанкүйерлер тарапынан көрсетілген қолдау да маңызды рөл атқарды. Сол күні көрермендер алдында қазақстандық эстрада жұлдыздары — Дилназ Ахмадиева, The Limba және Садраддин өнер көрсетті.
ИНТЕРШУМ:
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.