Мергендер қоржынында қола медаль
ДИКТОР: Дәл осы күндері Катар астанасы Доха қаласында нысана көздеуден әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бұл жарыстың маңыздылығы құралайды көзге атқан мергендер жүлделі орындармен қоса Лос-Анджелес олимпиадасының жолдамаларын да сарапқа салады. Қазақ елінің намысын қорғауға біраз спортшы барды. Әзірше қоржынымызда – бір ғана қола медаль. Кеше Ирина Юнусметова кіші калибрлі тапаншамен 50 метрден нысана көздеу сайысында 537 ұпай еншілеп үштіктен көрінді. Ал 10 метрден бақ сынаған ерлер сайысында Қазақстан құрамасы тіпті ондыққа кіре алмады. Қазақстан құрамасының сапынан Ислам Сәтпаев пен Константин Малиновский және Никита Шахториндер сынға түсіп, ең үздік нәтиже көрсеткен Ислам Сәтпаев 33-ші сатыға тұрақтады. Естеріңізге салайық, әлем чемпионаты 14-ші қарашаға дейін жалғасады.
Нұрғиса Әділетұлы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері
ДИКТОР: Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Қазақстандық зілтемірші Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан дүниежүзілік біріншілікте 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші орыннан көрінді. Нұрғиса қоссайыс қорытындысы бойынша 399 келіні көтерді.