Ауданда қолөнер орталығы ашылды
ДИКТОР: Егіндікөл ауданында қолөнер орталығы ашылды. Шығармашылық кеңістік жергілікті шеберлердің басын қосып, өнерге қызығатын тұрғындарға тың мүмкіндік ұсынбақ.
РКС: Орталық аудандық кітапхана жанынан ашылды. Салтанатты шараға аудан әкімі Юрий Курушин, Ақсақалдар кеңесінің өкілдері, қолөнершілер мен ауыл тұрғындары қатысты.
СНХ: ЮРИЙ КУРУШИН, ЕГІНДІКӨЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Егіндікөл ауылында ашылған бұл орталық шығармашыл жастар мен қолөнершілерге үлкен қолдау болады. Мұнда әр тұрғын өз қабілетін дамытып, жаңа дағдыларды меңгере алады. Шеберлік сабақтарына қатысып, тәжірибе алмасып, тың идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік бар.
РКС: Орталықта шеберлік сабақтары өткізіліп, шығармашылық жобалар жүзеге асады. Ал қолөнерге бейімі бар тұрғындар өз туындыларын дамытып, оны кәсіпке айналдыруға мүмкіндік алады. Жаңа кеңістік ұлттық мұраны сақтап, дәстүрлі өнердің дамуына қызмет етпек.
ЖАНА МҰҚЫШЕВА ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, КӨКШЕ АҚПАРАТ