Негізгі Жаңалықтар 10 мың бас ұсақ малға арналған бордақылау алаңы құрылды

10 мың бас ұсақ малға арналған бордақылау алаңы құрылды


ДИКТОР: Ерейментау ауданында 10 000 бас ұсақ малға арналған бордақылау алаңы құрылды. Қазіргі уақытта мұнда Австралиядан әкелінген таза тұқымды Дорпер қойларының алғашқы партиясы орналастырылған. «Ерейментау-Астық-2014» кәсіпорны өз қуатын кеңейту үстінде және жалпы саны 4 000-нан астам мал басын сатып алуды жоспарлап отыр. Облыс әкімі Марат Ахметжанов жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты.

ИНТЕРШУМ: 

РКС: Таза тұқымды Дорпер қойларының алғашқы партиясы шаруашылық дамуындағы жаңа кезеңнің бастамасы болды. Бұл тұқым тез салмақ қосуымен, етінің жоғары сапасымен және төзімділігімен ерекшеленеді. Кәсіпорын мал басын 10 000 басқа дейін жеткізіп, өндірістік қуатын кеңейтуді көздеп отыр. Алайда, шаруашылық мұнымен шектелмек емес. Мұнда тек таза тұқымды мал ғана өсірілмейді, генетикалық қасиеттерін жақсарту мақсатында Дорпер қойларын жергілікті тұқымдармен будандастыру жоспарлануда.


СНХ: АЙДАР НЫҒМЕТОВ, СЕРІКТЕСТІК ЖЕТЕКШІСІ: Біз ет кластеріміздің дамуын барынша жеделдетуді көздеп отырмыз. Бұған тек жоғары сапалы мал генетикасын пайдалану және әлемдік озық тәжірибелерді енгізу арқылы ғана қол жеткізуге болады. Бүгін Ерейментау ауданына жеткізілген мал – тарихи маңызы бар алғашқы қадам және ол бізге белгілеп алған бағытымызбен ілгерілеуге мүмкіндік береді. Біздің басты мақсатымыз – 2029 жылға қарай асыл тұқымды мал басын 10 000 басқа дейін жеткізу. Сонымен қатар, 2030 жылға қарай ынтымақтастық аясында – атап айтқанда, қозыларды жергілікті қой тұқымдарымен будандастыру арқылы – бордақылау алаңымыздың қуаттылығын 100 000 басқа дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз.

 РКС: Кәсіпорын Қазақстанның ішкі нарығын қамтамасыз етіп қана қоймай, шетелге де қой етін экспорттайды. Жеткізу ауқымын кеңейту және апталық экспорт көлемін 20 тоннаға дейін арттыру жоспарлануда.


СНХ: АЙДАР НЫҒМЕТОВ, СЕРІКТЕСТІК ЖЕТЕКШІСІ: Біздің басты мақсатымыз – Қазақстанның ішкі нарығын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, экспорттық бағытта дамуды көздеп отырмыз. Қазірдің өзінде Катар және Дубаймен жұмыс істеудеміз. Болашақта Йемен мен Сауд Арабиясы нарықтарына шығып, Таяу Шығыста өз орнымызды нығайтуды жоспарлап отырмыз. Біз Ақмола облысының таза, экологиялық қолайлы алқаптарында өсірілген, жоғары сапалы әрі қоршаған ортаға зиянсыз өнімді ұсынғымыз келеді. 

РКС: Қазіргі таңда өңірде ет кластері құрылып жатыр. Облыс әкімі Марат Ахметжанов атап өткендей, жоспар тек мал өсірумен шектелмейді. Мақсат — асыл тұқымды мал өсіру мен бордақылаудан бастап, ет өңдеу кәсіпорындарында өңдеуге және дайын өнімді экспорттауға дейінгі толыққанды өндірістік тізбекті қалыптастыру. Айта кетейік, Ақмола облысы «Береке» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы аясында қомақты қаржы алған алғашқы өңірлердің қатарында болды.

СНХ: НҰРБЕК БАДЫРАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған жолдауы аясында Ақмола облысындағы етті кластерді құру жөніндегі негізгі міндеттерді атап өтті. Осы міндеттерді біздер Ақмола облысына нақты инвестициялық жобалар аясында жүзеге асыруды көздеп отырмыз. Ол үшін Ақмола облысында берік мал азықтық қоры қалыптасқан. Жалпы 10 миллион гектардан астам мал шаруашылығындағы жердің 4 миллион астам гектары жайылымдық жер. Және де жыл сайын бізде 6 миллион 200 мың тоннадан астам жоғары хайпро санатындағы дәнді дақылдар бидайлар өндіріледі. Сондықтан қазіргі таңда 3 миллион тоннадан астам бидайды біз терең өңдеуді көздеп отырмыз. Және қалыптасқан 3 миллион тонна көлемдегі бидайды етті бағытта көздеп отырмыз. Ол үшін облыста үш негізгі асыл тұқымды репродукторлық орталықты белгіледік. Ол бірінші бүгінгі жүзеге асып отырған Ерейментау ауданын және Қорғалжын аудандары. Бұл аудандарда асыл тұқымды қалмақ тұқымды сиырлар және ақбас сиырлары. Сонымен қатар дорпер қойының негізгі орталығын айналады. Бүгінгі күні осы жоба жүзеге асуды бастады. 

РКС: «Ereymentau-Astyk-2014» шаруашылығын дамыту – Ақмола облысында ет кластерін құру жөніндегі ауқымды жобаның бір бөлігі. Биыл «Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі», «Береке» және «Игілік» бағдарламалары аясында 10 000 бас ірі қара мал мен 6 000 бас ұсақ мал әкелу жоспарлануда. Айта кетейік, биыл өңірде мал шаруашылығын дамытуға 15 миллиард теңге бөлінді.

 

ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЁВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.


Бөлісу