Ел дамуының басым бағыттары талқыланды
Диктор кадрда: Қазақстан халық кеңесінің мүшелері Көкшетау қаласында этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті. Жиын барысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы талқыланып, ел дамуының басым бағыттары мен алдағы міндеттер жөнінде пікір алмасты.
РКС: Кездесуде Қазақстан халық кеңесінің мүшелері Жолдауда көтерілген өзекті мәселелерге тоқталып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты басым бағыттарды саралады. Атап айтқанда, экономиканы жаңғырту, өндірісті өркендету, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және цифрлық технологияларды дамыту тақырыптары талқыланды. Жиынға қатысушылар құжатта белгіленген міндеттердің маңыздылығына тоқталып, оларды жүзеге асыруда қоғамның белсенділігі мен азаматтық жауапкершіліктің рөліне назар аударды.
СНХ: НАТАЛЬЯ ДЕМЕНТЬЕВА, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ: Жолдауды біз сырттан шығатын ешқандай бізге қатысы жоқ құжат ретінде емес, өзімізге айрықша, ерекше бір рух беретін ерекше бір құжат ретінде күтіп отырамыз. Ол дұрыс, өйткені биыл жолдауды қарағанда өзіме осындай бір ой алдым. Биылғы жолдау сөзбен ғана айтатын Жолдау емес, бізді нақты іске шақыратын практикалық іске шақыратын құжат деп айтуға болады.
на русс СНХ: ДМИТРИЙ ОСТАНКОВИЧ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: В послании главы государства обозначен масштабный цель, связанный с дальнейшим развитием Казахстана. Среди них модернизация инфраструктуры, укрепление энергетической безопасности, развитие промышленности, внедрение искусственного интеллекта и цифровых технологий, повышение производительности труда и качества жизни граждан. Все эти направления тесно взаимосвязаны. Современная экономика невозможна без надежной энергетической системы.
РКС: Жолдауда айқындалған міндеттерді іске асыруда кәсіпкерлік саласын дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелері де маңызды орын алады. Кездесуге қатысушылар экономикалық бастамалардың қоғам өмірімен тығыз байланысты екенін атап өтті.
СНХ: АКБАРЖОН ИСМАИЛОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ: Мемлекет басшысы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын жариялады. Онда халықтың көкейінде жүрген мәселелер көтерілді. Әсіресе экономикалық жағынан айтылды. Ол өте орынды. Мен өзім кәсіпкермін. Кәсіпкер болғаннан кейін әрқашанда ойландырады осы мәселе. Қоластымызда қаншама адамдар жұмыс істейді. Халықтық құрылыс деп Мемлекет басшысы 2027 жылды айтты ғой. Оған барлығымыз белсенді болып қатысуымыз керекпіз.
РКС: Басқосу барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, ел дамуына қатысты ұсыныстары мен ойларын ортаға салды. Сонымен қатар қоғамдық келісімді сақтау, этносаралық татулықты нығайту және ортақ құндылықтар төңірегінде топтасудың маңыздылығы атап өтілді. Кездесу Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыруға қоғам болып атсалысу қажеттігін тағы бір мәрте айқындады.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ