Негізгі Жаңалықтар Шорт-тректен ел чемпионаты басталды

Шорт-тректен ел чемпионаты басталды


ДИКТОР: Көкшетау қаласында шорт-тректен ұлттық чемпионат басталды. Жарыс «Бурабай» спорт кешенінің мұз айдынында өтуде. Бұл додаға еліміздің әр өңірінен спортшылар жиналды.

 

 РКС: Жарысқа орта және жоғары жас санатындағы жас жігіттер мен қыздар қатысуда. Өз шеберліктерін сынап көру үшін еліміздің 12 өңірінен спортшылар Көкшетауға келді. Оларды қолдауға келген туыстары жарысты трибунадан бақылап отыр.


СНХ: ШӘРИЯ ШАЛТЫҚОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бүгін немереме қолдау көрсетуге келдім. Чемпионатта бақ сынап жатыр. Ол бір рет жарыс жолына шығып үлгерді, енді екінші рет шығуға дайындалуда. Біз онымен мақтанамыз және оған жанкүйер болып отырмыз. Көкшетауда шорт-трек бойынша осындай тегін бағдарламаны іске қосқан жандарға үлкен алғыс айтқым келеді — бұл балаларға жаттығуға және үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жаттықтырушыларға да көп рақмет. Бұрын бізде небәрі бір ғана жаттықтырушы болса, қазір жағдай керемет — енді үшеуі бар!


РКС: Чемпионаттың бірінші күні қатысушылар орта жас тобындағы ұлдар мен қыздар арасында 1000 метр қашықтықта жарысады. Ал ересектеу спортшылар 1500 метр қашықтықта бақ сынайды. Әрбір спортшы өз шеберлігін, жылдамдығын және рух мықтылығын көрсетуге дайын.

 

СНХ: ЯН КУТОВОЙ,ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ: Менде бәсекеге деген өте мықты құлшыныс бар. Мен алдыңғы қатардан орын алғым келеді. Бұл жарысқа дайындық жоғары деңгейде болды. Бұл — маусымдағы менің екінші жарысым. Мен барын салып, тынбай жаттықтым. Өзіме де, басқа қатысушыларға да сәттілік тілеймін. Ешкім құламай, бәрі ойдағыдай өтеді деп үміттенемін. 


СНХ ӘЛІМЖАН МОЛДАҒАЛИ, МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Енді бүгінгі жарысқа қарағанда спортшыларымыз мықты спортшылар бар бізде. Болашақта көреміз. Осы чемпионаттан мықтылар жеңіске жетсін деген тілегіміз бар. Бірақ енді Ақмола облысының спортшыларының да осы жарыстан өздерінің үміттері бар. Бұйырса сол үміттеріне жетсін деген тілектеміз. Енді әрқайсына жеңіс тілейміз. Бүгінгі жарыстарымыз жақсы өтсін, спортшыларға жетістік. Болашақта осындай чемпиондарымыз ел чемпионат және әлемдік чемпионаттарға қатысуына тілектеспіз. Әрқайсына денсаулық тілейміз. 

РКС: Мұндай спорттық іс-шаралар спортшылардың жалпы шеберлік деңгейін көтеріп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Чемпионат үш күнге созылып, 31 қазанда аяқталады. Жарыс қорытындысы бойынша, еліміздің атынан халықаралық аренада өнер көрсететін үздік спортшылар іріктеліп алынады.


ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, НАИР ЗАХОВАЕВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЁВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ. 


Бөлісу