«AQMOLA POWER 2026» жастардың тың идеялары
ДИКТОР: Жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және робототехника. Көкшетауда жастардың инновациялық идеялары мен тың жобалары таныстырылды. Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде «Aqmola Power 2026» облыстық байқауы өтіп, жас өнертапқыштар өз әзірлемелерін қазылар алқасына ұсынды. жастардың техникалық әлеуетін арттырып, жаңашыл бастамаларына қолдау көрсету.
РКС: Жас буынның шығармашылық және инженерлік қабілетін шыңдауға арналған «Aqmola Power 2026» байқауына Ақмола облысының бірнеше ауданынан 50-ден астам өтінім түскен. Соның басым көпшілігі «Жасанды интеллект және IT шешімдер» бағыты бойынша қатысуға ниет білдірген. Іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен 15 жоба финалдық кезеңде таныстырылды.
СНХ: ДАНИЛ СИДОРОВ, «AQMOLA POWER 2026» БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫСЫ: Бұл жобаның негізгі мақсаты, қоршаған орта мен экологиялық жағдайды жақсарту. Ол қалай жұмыс істейді? Көпшілік көшеде жүргенде қоршаған ортаның ластануына немесе рұқсат етілмеген қоқыс үйінділеріне тап болған шығар. "EcoStep" мобильді қосымшасы пайдаланушыларға суретке түсіруге мүмкіндік береді; түсірілген сурет негізінде есеп қалыптастырылып, оны нейрондық желі талдайды. Егер суреттен қоқыс үйіндісі немесе шашылып жатқан қоқыс анықталса, нейрондық желі оны жалпыға қолжетімді картаға енгізеді. Пайдаланушылар осы карта арқылы "eOtinish" платформасы арқылы ресми шағым жолдай алады. Сонымен қатар, карта арқылы аумақтың тазартылғанын тексеруге болады: аумақ тазартылғаннан кейін, тиісті белгі картадан автоматты түрде жойылады.
СНХ: ЖАНДОС ШӘДИ, «AQMOLA POWER 2026» БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫСЫ:(ШОРТАНДЫ): Мен роботехника бағыты бойынша қатысып жатырмын. Жұмысым Smart safe box деп аталады. Бұл ақылды жәшік. Өздеріңіздің қажетті заттарыңызды сақтауға немесе жақындарыңызды мазаламау үшін өзіңіздің қажетті заттарыңызды сақтап қоюға болады. Arduino опыттары арқылы құрастырылған. Өзіміздің банк карточкалары мен есік магнитіктерін тіркеп қоюға болады. Егер тіркелмеген карта балса онда бұл есік ашылмайды.
РКС:Жас өнертапқыштардың тың идеяларын қазылар алқасы саралап, әр жобаның жаңашылдығы мен практикалық маңызын бағалады
СНХ: САБЫРХАН КЕНЖЕБАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жастарымыз өте белсенді қатысты. Біздің жастарымыздың арасында өте білімді, талантты жастар өте көп. Биыл 50-ден астам өтінім түсті инновациялық жобаларға. Оның ішінде біз 15 жобаны таңдап алдық, іріктедік. Енді біз қараймыз. Қандай жоба елге, қоғамға пайдасы тиеді.
РКС: Жас өнертапқыштардың бастамасын қолдауға бағытталған байқаудың жалпы жүлде қоры 1 миллион теңге. Бұл қаражат үздік жобаларды ынталандырып қана қоймай, олардың әрі қарай дамуына серпін бермек.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ