Негізгі Жаңалықтар «Таза Қазақстан»: аудандарда көгалдандыру жұмыстары жалғасуда

«Таза Қазақстан»: аудандарда көгалдандыру жұмыстары жалғасуда


ДИКТОР: Республика күніне орай Сандықтау ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында игі бастама қолға алынды. Аудан тұрғындары туған жердің табиғатын түлетуге үлес қосып, жасыл желекке айналар көшеттерді отырғызды. Экологиялық акцияға мемлекеттік қызметшілер мен спортшылар да белсене қатысып, ел игілігі жолындағы ортақ іске өз үлестерін қосты. 

РКС: Балкашино ауылдық округінде бес мыңнан астам тұрғын тұрады. Халық санының артуы тұрғындарға қолайлы орта қалыптастырып, демалыс орындарын көбейтудің маңызын арттыра түсуде. Осы мақсатта Республика күніне орай «Таза Қазақстан» жобасы аясында игі бастама қолға алынды. Ауыл аумағына отырғызылған 50-ге жуық көшет болашақта тұрғындардың сүйікті демалыс орнына айналатын кең аллеяның негізін қаламақ. Жобаны алдағы бес жыл ішінде жүзеге асыру жоспарланған.

СНХ: ДУЛАТ ЖАХИН, БАЛКАШИНО СЕЛОЛЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Бұл аумақтың көлемі шамамен 1000 шаршы метрді құрайды. Алдағы уақытта осы жерде жастардың басын қосатын, тұрғындардың сүйікті демалыс орнына айналатын аллея салуды жоспарлап отырмыз. Қазірдің өзінде оның эскиздік жобасы дайындалған. Жоба аясында фуд-корттар, ашық аспан астындағы кинотеатр, балаларға арналған ойын алаңдары мен көшедегі спорттық жаттығу құрылғылары орналастырылады. Алдағы бес жылдық жоспарымызда осы аумақты аудан тұрғындары мен жастардың бас қосатын тартымды орталығына айналдыру көзделген. Бұл орынның таңдалуы да тегін емес. Мұнда Жабай өзені орналасқан. 3 жылдан астам уақыттан бері жүргізіліп келе жатқан өзен арнасын тазарту, тереңдету және кеңейту жұмыстары биыл аяқталмақ. Осы жобаның жүзеге асуы аумақты абаттандырып, болашақ аллеяны тұрғындар үшін қолайлы әрі тартымды демалыс орнына айналдыруға мүмкіндік береді.

РКС: Балкашино ауылдық округінде Жабай өзенінің жағасында осыдан 2 жыл бұрын тұрғындарға арналған жағажай ұйымдастырылған болатын. Содан бері бұл аумақ ауыл тұрғындарының демалып, табиғат аясында уақыт өткізуіне қолайлы орынға айналды. Биыл да игі бастама өз жалғасын тауып, өзен жағалауын көгалдандыру, аумақтың көркін арттыру жұмыстары қолға алынды.Туған өлкенің табиғатын көркейтуге бағытталған бұл бастаманы ауыл тұрғындары да қолдап, ортақ іске белсене атсалысуда. 

СНХ: СЕРҒАЗЫ ШӘКІРОВ, САНДЫҚТАУ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ: Сандықтау ауданы ең әсем аудандардың бірі. Осы әсем табиғатты сақтап қалып, оны әрмен қарай өркендету үшін міне біздің жастар келіп отыр, қызметкерлер келіп отыр.+скл+»Таза Қазақстан» ұраныменен көктемнен бері жалғасып жатыр. жалғасының жемісін біз көріп отырмыз. Аудан орталығымыз, ауылдарымыз күннен күнге көркейіп жатыр. жаңа ғимарат салынып жатыр. Мұның бәрі Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының қолдауымен жасалып жатқан жұмыс. 

СНХ: РИЗАГҮЛ АСАИНОВА, САНДЫҚТАУ АУДАНЫНЫҢ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: «Таза Қазақстан» акциясы жақсы қозғалыс деп ойлаймын. біздің жастарды тазалыққа, туған өлкемізді сақтауға, таза ұстауға үйретеді деп ойлаймын. 

РКС: Табиғатты аялау туған жердің болашағына жасалған қамқорлық. Биыл Сандықтау ауданында 200 гектар аумаққа жасыл желек отырғызылып, өңірді көгалдандыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Аудан тұрғындарының айтуынша, әрбір егілген көшет, табиғатқа деген жанашырлықтың, туған жерге деген сүйіспеншіліктің белгісі. Бүгін тамыр жайған жас өскіндер ертең жайқалған жасыл желекке айналып, келер ұрпаққа көрікті өлке мен таза табиғат қалдыруға негіз болмақ.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу