Құтқарушылар тоғыз қабатты ғимараттан 75 адамды эвакуациялады
ДИКТОР: Дегенмен, тұрғын үйлердегі жылыту маусымы – өрттің туындауына себеп болатын жалғыз жайт емес. Кеше түнде Щучинск қаласындағы көпқабатты тұрғын үйде өрт шығып, аймақтағы төтенше жағдай қызметкерлері 75 адамды қауіпсіз жерге көшіруге мәжбүр болды. Тоғыз қабатты тұрғын үйдің лифт шахтасында қоқыс өртенген.
ШУМ:
РКС: Тұрғындар ғимараттан арнайы сатылы көлік арқылы, ал басқалары баспалдақ арқылы қауіпсіз жерге шығарылды. Өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті барлығы 75 адамды, оның ішінде 20 баланы эвакуациялады. Мамандардың айтуынша, ғимараттағы ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт шағын аумақты ғана қамтып, дереу сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.
СНХ: ЕРСАЙЫН ҚОЙШЫБАЕВ,ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері оқиға орнына дереу жетіп, 4 шаршы метр аумақты қамтыған өртті сөндірді. Өрттің шығуына адамдардың отпен абайсыз жұмыс істеуі, нақтырақ айтқанда, сөндірілмеген темекі тұқылын тастап кетуі себеп болған деп болжануда.