Қариялар зияткерлік ойында бақ сынасты
ДИКТОР: Көкшетауда аға буын өкілдеріне арналған «Жеті қазына» атты зияткерлік ойын өтті. Іс-шара «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында» ұйымдастырылды. Қатысушылар логика, жалпы білім және ұлттық тарих салаларындағы білімдері мен дағдыларын сынап көрді.
РКС: Ойын бірнеше кезеңнен тұрды, ал әр кезең әртүрлі салалар бойынша білімді талап етті. Қатысушылар төрт командаға бөлінді. Ойыншылардың мол өмірлік тәжірибесі маңызды рөл атқарды. Қатты бәсекелестікке қарамастан, ойын жағымды атмосферада өтті.
СНХ: АЙГҮЛ БАЗАРБАЕВА, ОЙЫНҒА ҚАТЫСУШЫ: Бүгінгі күні осы сайысқа қатынасқаныма өте қуаныштымын. Өзімнің сайыскерлеріме және бізге қарсыластарға тек қана жақсылық тілеймін. Бақыт тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Осындай ойындар көп болсын.
РКС: Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат – аға буынға құрмет көрсету, сондай-ақ оларды заманауи хобби түрлеріне, шығармашылық істерге, шеберлік сабақтарына және цифрлық белсенділіктерге тарту. Бұл іс-шара «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына» келушілерге заманауи өмір ырғағынан қалыспауға көмектесуге бағытталған.
СНХ: ЖҰМАБАЙ ҚҰДАЙҚҰЛОВ, «БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӨЛКЕТАНУ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНЫ: Әрине, бұл ұрпақтар сабақтастығы деп есептейміз. Бұл сабақтастық ешқашан үзілмеу керек. Осы жерде отырған зейнеткер апайлар мен аталар үшін бұл интеллектуал ойындар өте қажет қызық, сондықтан бір мезгіл көңілдерін көтеруге байланысты осындай жоба әкеп отырған жастар ресурс орталығына үлкен алғысымызды білдіреміз рахмет.
РКС: Іс-шара Қазақстан тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған. Туған елді тануға бағытталған кезеңде қатысушылар терең білімдерін паш етті. Олар еліміздің 35 жылдық даму жолында жай ғана бақылаушы болып қоймай, Отанымыздың өркендеуіне белсене атсалысқан жандар.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, НАИР ЗАХОВАЕВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.