Негізгі Жаңалықтар Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ант қабылдады

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ант қабылдады


ДИКТОР: Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментіне жаңадан орналасқан 15 қызметкер ант қабылдады. Салтанатты шара Көкшетау қаласындағы құтқарушылар алаңында өтті. 

ИНТЕРШУМ: РЕНАТ ВАЛИШАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жас мамандарға айтарым, сіздердің жасаған таңдауларыңыз Отанға және халыққа адал қызмет ету. Бұл сіздердің таңдауларыңыз, шын мәнінде игі іс, бірақ қауіпті қызмет. Күн сайын елдің қауіпсіздігін, от апаты және техногендік төтенше жағдайларды болдырмау жолында аянбай тер төгетін боласыздар.  

РКС: Жас құтқарушылар тәжірибелі өрт сөндірушілердің қатарын толықтырып, төтенше жағдайдың алдын алу жолында еңбек етпек. Қызметке енді орналасқан құтқарушылардың айтуынша өздеріне жүктелген жауапкершілік үлкен, еш кедергіге қарамастан адал қызмет атқарып, туған өлкені, тұрғындарды апаттан қорғауға дайын.

СНХ: ДАНИЛ ГОБУХОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Мен бала кезімде өрт сөндірушілердің қалай жұмыс істейтінін көрдім және мектепте де өрт сөндіруші болғым келді. Әскерден кейін құжаттарды жинай бастадым, жұмысқа орналасып, ант қабылдадым, енді осы саланың толыққанды қызметкерімін. Қазіргі уақытта қызмет атқару кезінде ешқандай дабыл жоқ, шақыру орнына келгенде не істеу керектігін нақты білемін. Барлық іс-әрекеттеріміз жоспарлы, біз оны ауысым сайын пысықтаймыз.

ИНТЕРШУМ: 

РКС: Іс-шараның құтқарушылар күні қарсаңында өтуі жаңа қызметкерлер үшін ерекше сәт. Мереке 19 қазанда атап өтіледі. Бұл олардың Төтенше Жағдайлар департаменті қызметкерлерінің қатарындағы қызметінің символдық бастамасы болды.

СНХ: ЕРСАЙЫН ҚОЙШЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТТІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Жұмысқа жаңадан орналасқан қызметкерлер азаматтық қорғау органдары мен біздің өңір азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында аянбай еңбек ететіне сенімдіміз. Бізде тәжірибелі қызметкерлер көп, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығы бар. Біздің тәжірибелі қызметкерлеріміз өздерінің білімдерін, тәжірибелерін біздің жас мамандарға береді және азаматтық қорғау органы одан әрі дамитын болады деп сенеміз. 

РКС: Іс-шара аяқталғаннан кейін қызметкерлер қысқы киімге көшуге байланысты сап түзеу шарасын өткізді.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, НАИР ЗАХОВАЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу