Негізгі Жаңалықтар Ақкөл ауданында роботтандырылған сүт-тауар фермасы ашылды

Ақкөл ауданында роботтандырылған сүт-тауар фермасы ашылды


ДИКТОР: Ақкөл ауданында роботталған сүт-тауар фермасы ашылды. Жаңа кәсіпорын 900 бас малға есептелген. Елімізде барлығы 99 сүт-тауар фермасының құрылысы жүруде. Басты міндет - импортқа тәуелділіктен толығымен арылу және 2029 жылға дейін ішкі нарықты отандық шикізатпен қамтамасыз ету. 

РКС: Жобаға 8 миллиард теңгеден аса инвестиция тартылды. Оның 5 миллиарды кәсіпорынның өз қаражаты. Қалған сома «Көкше» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жеңілдікті несие есебінен қаржыландырылды.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ қазақша Ақмола облыста оң нәтижемен жетіп келе жатыр. Ең басты, ауыл шаруашылығын дамытып, әрбір күні жаңа сүт-тауарлы фермалар ашылып. Бүгін міне біз Еңбек ауылындамыз. Бұл жерге «Береке» бағдарлама бойынша 10 миллиардтан жеңілдетілен қаржы несие беріп отыр. Сол жерге енді қазір ет беретін асыл тұқымды мал бастарын жеткізіліп осы Ақкөл ауданы осындай қазір заманауи цифрлық ет кластері қалыптасып келе жатыр.

РКС: Фермада барлық қажетті үй-жайлар салынды. Сиыр қоралары, мал төлдейтін блоктар және қалдықтарды өңдеуге арналған аймақтар. Мұнда Дания, Ресей және отандық шаруашылықтардан голштиндік тұқымды 900 бас жоғары өнімді мал әкелінді. Толық автоматтандырудың арқасында фермада кадрлардың жетіспеушілігі мәселесі толық шешілді. 

СНХ: ҚУАНЫШ РАҚЫШЕВ, КӘСІПОРЫН ДИРЕКТОРЫ 24-ші жылы біз кредит алғанбыз, несие алғанбыз СПК-дан 2,5 пайыzға, оны 2 жыл каникулысы бар. Бүгін ресми түрде фермамызды ашып жатырмыз. 12 роботымыз бар, 9 бас сауыл сыйырға. Оның үстінде бүкіл автоматизация, роботизация, бүкіл климат-контроль кісісі, кісіні осындай аз болсын, кісіге ауру тимесин, малдар өзі еркін жүрсін, сүтін берсін, сондай мәселемен біз осы қазір іске кірістік. Қазіргі күнге жоспарымыз бір сиырға 8500 литр жылына сауады деп жоспарлап қойдық.

РКС: Жаңа кешеннің өндірістік алаңдары құны шамамен 2 миллиард теңге болатын заманауи неміс жабдықтарымен жабдықталды. Нысанда қалдықсыз жүйе жұмыс істейді: қалдықтар биокомплекстердің көмегімен өңделеді. Кәсіпорынның басты ерекшелігі - химиялық тыңайтқыштарды қолданбай, толығымен экологиялық таза өнім шығару.

СНХ: АМАНҒАЛИ БЕРДАЛИН, ҚР АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Бұл ферманың ерекшелігі толық автоматтандырылған. Біріншіден, бұл нақтылық, демек өндірістік процестер тұрғысынан адамның аз қатысуы. Бұл бізге қажет персоналды қысқарту. Сәйкесінше, мұнда жалақы бірнеше есе көтеріледі. Бүгінгі таңда осындай сүт-тауар фермаларын салудамыз. Қандай да бір өнімді дайындау кезінде адамның байланысы болмағанда, бұл анағұрлым дұрыс деп есептейміз. 

РКС: Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ауқымды жұмыс бүкіл республика бойынша жүргізілуде. Елімізде жалпы қуаты 630 мың тонна сүт өндіретін фермалар салынуда. Бүгінде 460 мың тоннаға 71 кәсіпорын пайдалануға берілді. Қалған 28 сүт-тауар фермасы дайын болғанына қарай іске қосылады. Бұл ретте жоспар тек өсіп келеді. Келесі жылы осындай 26 нысанның құрылысына өтінімдер келіп түсті.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу