Екі мемлекеттік қызметші бәс тіккені үшін жұмыстан босатылды
ДИКТОР: Есіл ауданында букмекерлік кеңселерде бәс тіккені үшін мемлекеттік қызметшілер қызметтерінен босатылды. Заң бұзушылық фактілерін аудан талаптарының сақталуына талдау жүргізді. Тексеру барысында букмекерлік кеңселерде интернет арқылы бәс тіккен екі мемлекеттік қызметші анықталды. Прокуратураның мәліметінше, олардың бірі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, ал екіншісі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы болған. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша екі лауазымды тұлға да атқарып отырған қызметтерінен босатылды. Мамандар мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салынғанын еске салады. Мұндай әрекеттер әдеп нормалары мен заңда белгіленген шектеулерді бұзу болып саналады.