Қазақ тіліндегі Wikipedia қоры толығып келеді
ДИКТОР: Бүгінде Wikipedia энциклопедиясын Қазақстанда 182 мыңнан астам адам пайдаланады. Әлемнің 300-ден астам тілінде ақпарат ұсынатын платформада қазақ тіліндегі 245 мыңнан астам мақала бар. Дегенмен, қазақ тілі материалдар саны бойынша 49-орында. Мемлекеттік тілдегі контентті көбейтіп, сапасын арттыру мақсатында Көкшетауда «Wikipedia-ға мақала орналастыру алгоритмдері» тақырыбында семинар өтті.
РКС: Wikipedia энциклопедиясында бүгінде 66 млн астам мақала бар. Соның 7 миллионнан астамы ағылшын тілінде болса, орыс тіліндегі мақалалар саны 2 миллионнан асады. Ал өзбек тіліндегі материалдар 370 мыңға жуықтаған. Бұл тілдік кеңістіктегі ақпарат қорының ауқымын айқындайтын көрсеткіш. Қазақ тіліндегі энциклопедиялық қорды толықтыруға да 400-ден астам белсенді қатысушы үлес қосып келеді. Солардың бірі семинарға Атырау қаласынан арнайы келген PhD доктор Ақмарал Дәуітқұлова.
СНХ: АҚМАРАЛ ДӘУІТҚҰЛОВА, Х.ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОРЫ: Wikipedia мақала жазу үшін міндетті түрде ғалым болу міндетті емес. 14 жастан бастап, 70 жасқа дейін белсенді қатысушылар бар. Мақаланың өзі ғылыми және энциклапедиялық мақала болып қарастырылса, Wikipedia-ға қарапайым тілде жазылатын, энциклопедиялық мақалаларды жазу қарастырылған. Негізі Wikipedia-жылдамдық және энциклопедия деген мағынаны білдіреді. Осы күні қарапайым Wikipedia-ға қызығушылығын танытқан әрбір қатысушы өзі маңызды мақалаларды бастай беруіне болады.
СНХ: ҚАЙЫРЖАН РАХЫМЖАНОВ, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ТІЛ САЯСАТЫ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: 365 елдің ішінде біз қазір 49 орында тұрмыз. Бұған біздің жалпы жоғары оқу орындарының ғалымдары, ғылыми ұйымдар мен мекемелердің қызметкерлері, сонымен қатар мынау тіл саласына жауап беретін басқарма қызметкерлері өз үлестерін қосуда. Жалпы мақсат қазақ тілді контентпен қазақ тіліндегі энциклопедиялық мақалалармен толықтыру. Жалпы бүгінде Wikipedia қатысушылары тұлға бағытында, сонымен қатар елдімекендер бағытында өздерінің мақалаларын жариялап, осы Wikipedia-ғы қазақ тілді контенттің артуына өз үлестерін қосуда.
РКС: Жиын барысында қатысушыларға энциклопедияға мақала енгізудің негізгі қағидалары, ақпарат көздерін дұрыс пайдалану және мазмұнды материал әзірлеу жолдары жөнінде түсінік берілді. Мұндай бастамалар қазақ тіліндегі білім қорын толықтырып қана қоймай, мемлекеттік тілдің цифрлық кеңістіктегі қолданыс аясын кеңейтуге де серпін береді.
СНХ: АНАРГҮЛ КӨПЕРХАН, ОБЛЫСТЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАШЫСЫ: Бүгінгі семинар заан талабына сай, өте өзекті тақырыпқа арналды. Яғни Wikipedia мемлекеттік тілдің сапалы мақала жариялаудың жолдары туралы пайдалы ақпарат алдық. Қазақ тіліндегі контентті, сонымен қатар осы жасанды интеллект, заманауи технологиялар соның кеңістігінде қолданысты арттыру бүгінгі күннің маңызды міндеттері болып табылады.
РКС: Wikipedia-дағы қазақ тіліндегі мақалаларға ай сайын 26 миллион рет жүгініледі. Бұл мемлекеттік тілдегі сапалы контентке сұраныстың артып келе жатқанының айғағы. Қазақша мақалалардың мол әрі сапалы болуы жасанды интеллектінің дәл әрі сенімді ақпарат ұсынуына негіз болады. Бүгінде 3 мыңнан астам түрі бар жасанды интеллект дәуірінде қазақ тіліндегі сапалы дерекқорды дамыту мен ұлттық контентті байыту уақыт талабы. Себебі, қарқынды дамып келе жатқан, цифрлық әлемде қазақ тілінің өрісі кеңейген сайын келер ұрпақ үшін құндылығы еселене түседі.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ