Төл тарихты зерделеген тұлға
ДИКТОР. Көкшетау қалалық қазақ кітапханасы өлкетанушы, Біржан сал ауданының құрметті азаматы, «Абылай ханның қара жолы» экспедициясының жетекшісі Мұрат қажы Ыдырысұлымен кездесу кешін ұйымдастырды. Бұл шара қоғам қайраткерінің 80 жылдық мерейтойына орайластырылды. Тарихи деректерді жинастырып, еліміздің барлық аймағына және Монғолия, Ресейге экспедиция ұйымдастырған жанның тағылымды әңгімесін жастар тыңдады.
Шум:
РКС. Мұрат қажы Ыдырысұлы өзінің саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған жан. Сондай-ақ мәдениет саласының тізгінін де ұстап, ауыл балаларының таланттарын ашып, дарындарын халыққа танытқан жанашыр тұлға. Осы кезге дейін еліміздің Абылай хан жүрген жерлеріне экспедиция ұйымдастырып, сонау Монғолияға дейін барып, Ресейді басып өтіп, тың деректерді ғалымдармен, тарихшылармен бірге жинастырып, бірнеше кітап бастырып шығарды. Жақында Өзбекстан өлкесіне сапарға шығуды жоспарлап отыр.
СНХ МҰРАТ ҚАЖЫ ЫДЫРЫСҰЛЫ, ӨЛКЕТАНУШЫ: Алла жазса, қазанның 22-сі күні Өзбекстанға шығайын деп жатырмыз. Өзбектер мен қазақтар арасындағы қарым-қатынас, ежелден келе жатқан қарым-қатынасы. Біздің баратын жеріміз Ташкент, Самарқанд., Бұхара, Жиделі-Байсын. Экспедицияның аты «Абылай хан ордасынан Жиделі-Байсынға дейін». Хиауаға барамыз. Сол жерлерде біздің бабаларымыз Төле би, Әйтеке би жатыр. Бұхарада Науан Хазірет оқу бітірген, Мәшһүр Жүсіп оқу бітірген, сол жерлерге барып, музейлерге, қасиетті жерлерге барайық деп жатырмыз .
РКС. Кездесу кешіне жиналған жастар қоғам қайраткерінің экспедициясы барысында барған жерлеріне бірге саяхат жасады. Тарих тұнған еліміздің әр өлкесіндегі Абылай ханға қатысты деректермен жақынырақ танысты. Кездесуге қатысқан ел ағаларының әсерлі әңгімелерін тыңдады.
СНХ СЕРІК ЖЕТПІСҚАЛИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: Абылай хан күрделі тұлға ғой. Ол кісінің тарихы, саясаткерлігі, өнері, өмірі жан-жақты зерттеле беру керек, әлі де тереңдей түсу керек деп ойлаймын. Осы бағытта жұмыс жасап жүрген Мұрат қажы Ыдырысұлы бес рет экспедицияға шықты, тағы да шықпақшы жақында. Тағы да тың деректер жинап қайтады деп ойлаймын.
РКС. Кештің өн бойында жастарға тарихты танып, өткенді зерделеудің маңызы айтылды. Бұл ата-бабалардың рухымен жігерленуге, намысшыл болуға, әр сүйем жерді көздің қарашығындай сақтауға алып келетін дүниелер.
Шум:
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ-АҚПАРАТ.