Негізгі Жаңалықтар «PANA» әлеуметтік жобасы таныстырылды

«PANA» әлеуметтік жобасы таныстырылды


ДИКТОР: Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған адам қайда барып көмек сұрай алады? Әсіресе, бас сауғалайтын жері болмаса, қауіп төнгенде кімге жүгінеді? Көкшетауда қиындыққа тап болған әйелдер мен балаларға қолдау көрсетуге бағытталған «PANA» әлеуметтік жобасы таныстырылды. 

РКС: Жоба аясында «қауіпсіз орта» желісі құрылмақ. Яғни, зорлық-зомбылыққа ұшыраған адам жақын маңдағы дәріхана, дүкен және басқа да қоғамдық орындарға барып, көмекке жүгіне алады. Мұндай орындар арнайы белгімен белгіленеді. 

СНХ: ЛАРИСА ЛИ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Жобаға қатысу - ерікті. Дүкен, дәріхана, кафе және тұрғын үй бірлестіктері арнайы оқудан өтіп, сертификат алады. Қатысушыларға жанжал жағдайында әрекет ету, жәбірленушімен дұрыс қарым-қатынас орнату, алғашқы медициналық көмек көрсету және полициямен байланыс орнату тәртібі үйретіледі. Оқытудан өткен азаматтарға қоғамдық көмекші мәртебесі беріледі.

РКС: Қауіп төнген сәтте адамға ең алдымен қауіпсіз жер мен жедел көмек қажет. Сондықтан мамандар мұндай бастаманың маңызы зор екенін айтады.  

СНХ: ОКСАНА ВОЛКОВА-МИХАЛЬСКАЯ, «ЖЕНСКИЙ ЛУЧ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ (СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ): Меніңше, бұл өте жақсы жоба. Бастысы, қиын жағдайға тап болған адамға дер кезінде көмек көрсетіледі. Қызметтер мен қарапайым азаматтар бірлесіп әрекет етсе, адам өмірін сақтап қалуға да, психологиялық зардапты азайтуға да болады.

РКС: Қазір Астанада осындай 20-ға жуық «қауіпсіз орын» ашуға дайындық жүріп жатыр. Олардың басым бөлігі көпқабатты тұрғын үйлердегі мүлік иелері бірлестіктерінің базасында орналасады. Бірнеше дәріхана мен дүкен де жобаға қосылуға ниетті. Ал бастаманың пилоттық кезеңі Көкшетауда жүзеге асырылмақ.  

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу