Ауылдық әкімдік пен медициналық пункт салынды
ДИКТОР: Егіндікөл ауданының Буревестник ауылында әкімдік пен медициналық пункт орналасқан жаңа ғимарат пайдалануға берілді. Нысан демеушінің қолдауымен салынды. Енді жергілікті тұрғындар алғашқы медициналық көмекті жаңа ғимаратта алады, ал ауыл қызметтері заманауи жағдайда жұмыс істейді.
РКС: 1974 жылы салынған бұрынғы ғимаратта екі мекеме орналасқан еді. Шағын нысан ескі әрі суық болды. Жаңадан салынған нысанда медициналық қызмет көрсету үшін жағдай жасалған. Мұнда алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған жабдық орнатылды. Медициналық пункке ауылдың 60 тұрғыны тіркелген.
СНХ: СЕРГЕЙ ХАМУТОВСКИЙ, БУРЕВЕСТНИК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Медициналық пунктің ашылғанына өте қуаныштымыз. Енді тұрғындарға ауданға барудың қажеті жоқ. Медбикеге жұмыс істеуге де ыңғайлы. Бұл жер жылы, жайлы. Ем іздеп келген адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіледі.
РКС: Шұғыл қажеттілік туындаған жағдайда пациенттер аудандық ауруханаға жеткізіледі. Бұл үшін медициналық пунктте автокөлік қарастырылған. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, жаңа ғимаратқа көшу тұрғындарды қабылдау жағдайын айтарлықтай жақсартты.
СНХ: АЙГҮЛ ЫДЫРЫСОВА, МЕДБИКЕ: Қазір бізде жағдай өте жақсы, жарық, жылы. Қуаныштымыз. Ескі ғимаратта әрине жұмыс істеу ыңғайсыз болған. Ол жерде шағын бір кабинет болды. Өте суық еді. Қазір жақсы, ризамыз.
РКС: Биыл ауылда ұялы байланыс және су айдау мұнарасы орнатылып, арнайы станция салынды. Сонымен қатар, жол жөндеу жұмыстары да жүргізілді.
СНХ: АЙБОЛАТ АЯТХАН, БУРЕВЕСТНИК АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ: Интернет желісі жақсы істеп тұр, сотовой байланыс бәрі қойылды, биыл жол төседі ауылда орталық көшесі. Сонымен биыл біздің ауылға үлкен жақсы жаңалық. Жұмыстар істелінді. Облыс әкіміне рақмет. Халықтың атынан биылғы негізі бәрі жақсы, халық қуанып жатыр. Алла жазса, келесі жылы да жақсы жұмыстарды атқарамыз деп ойлаймыз.
РКС: Жаңа жобаларды жүзеге асыру ауылдағы өмірді жайлы етуге бағытталған. Енді жергілікті тұрғындар өз елді мекендерінен шықпай-ақ қызмет ала алады. Инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жұмыс жалғасады.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАЗ СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ