Қызмет алушылар күні өтті
ДИКТОР: Облыстық мемлекеттік қызмет істері департаменті Көкшетау қаласының әкімдігімен бірлесіп «Қызмет алушылар күнін» өткізді. Іс-шараның мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және заңнамадағы өзгерістер туралы хабардар ету.
РКС: Қызмет алушылар күніне тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер мәселелері жөніндегі сұрақтармен қала тұрғындары көптеп келді. Жеке қабылдауға келген тұрғындар ұйымдастырушыларға баспана алу тәртібі, оны рәсімдеу туралы бірқатар сұрақтарын қойды.
СНХ: НҰРСҰЛТАН ШЫТЫРЫМБЕК, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Осыған дейін департаменттің тексеруінің нәтижесінде қызмет алушы тұрғын үйді жекешелендіруде құқықтары қорғалды. Осылайша шағымды қарау барысында қызмет алушыдан жергілікті қызмет беруші некеде тұрмағаны туралы анықтаманы негізсіз сұратқан. Қызмет алушы әртүрлі мемлекеттік мекемелерге нотариусқа жүгінуге мәжбүр болған. Шағымды қарау кезінде негізсіз деп шешім қабылданып, құқықтарын қалпына келтіруге шешім қабылданды. Сол шешіммен тұрғын үйді жекешелендіру туралы келісімсіз шарт жасалды.
РКС: Қызмет алушылар күніне келген тұрғындар баспана кезегіне тұру, Отбасы банк арқылы баспаналы болу, мемлекеттік бағдарламалар, құжат рәсімдеу туралы сұрап білді.
СНХ: НАЗГҮЛ ИСМАҒҰЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ: Мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жетілдіру, олардың қолжетімділігін арттыру мақсатында департаменттің және басқа да уәкілетті органдардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агентігінің мақұлданған ұсыныстары бойынша бүгінгі таңда тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтердің барлық түрлері оның ішінде «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» де электрондық нысанға көшірілді.
РКС: Жеке тәртіпте жүгінген азаматтарға мемлекеттік қызмет туралы ақпарат беріліп, баспаналы болу, құжат рәсімдеудің ережелері туралы жан-жақты ақпарат берілді.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ