Негізгі Жаңалықтар Егіндікөлде жаңа демалыс аймағы ашылады

Егіндікөлде жаңа демалыс аймағы ашылады


ДИКТОР: Егіндікөлде жаңа жағажай ашылады. Бұған дейін ауданда арнайы жабдықталған демалыс орны болмаған. Биыл қараусыз жатқан аумақ абаттандырылып, тұрғындарға арналған жағажай аймағы жасақталды. Сонымен қатар ауылдың алты көшесінде жол негізі жаңартылды. Аудан орталығындағы өзгерістермен тілшіміз танысып қайтты.

РКС: Бұған дейін бұл аумақ бос жатқан. Енді мұнда тұрғындарға арналған жаңа жағажай ашылады. Құрылыс жұмыстары шілде айында басталған. Қазір су қоймасы суға толтырылып, жағалауы абаттандырылды. Асфальт төселіп, жарық шамдары орнатылды. Келер жазғы маусымда жағажай аумағы демалысқа қажетті жабдықтармен жасақталады. 

СНХ: ЕКАТЕРИНА ЗАМАХАЕВА, ЕГІНДІКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Жаңа жағалау, жағажай аймағы пайда болды, қуаныштымыз. Енді жазда осында демаламыз. Ауыл орталығында да өзгерістер бар. Жаңа кофехана ашылды, айнала көркейіп келеді. Жастардың бас қосатын, аналардың балаларымен серуендейтін орындары көбейіп жатыр.

РКС: Биыл ауылдың алты көшесінде 2,5 шақырымға жуық жол тегістелді. Қиыршық тас төселіп, арнайы техникамен нығыздалды. Қазір жолдың негізі әзірленді. 

СНХ: МАРАТ ҚАРАБҰЗАУОВ, ЕГІНДІКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ: Қыс бойы жол осы қалыпта сақталады. Көктемде жөндеу жұмыстарын әрі қарай жалғастырамыз.

РКС: Жаңа демалыс орны Егіндікөлдің туристік тартымдылығын арттырып, келушілер санын көбейтуге сеп болмақ. Ал аудандағы инфрақұрылымды дамыту жұмыстары алдағы уақытта да жалғаспақ. 

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу