«Фурия» волейбол командасы - ауданның мақтанышы
ДИКТОР: Егіндікөлде волейболға әуес қыздар «Фурия» әйелдер командасына бірікті. Клуб жұмысын қыркүйек айында ғана бастағанына қарамастан, спортшы бұрымдылар түрлі деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп үлгерді. Қазір команда құрамында жас санаты бойынша бірнеше топ жасақталды. Жаттығуға қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Жаттығу процесін ұйымдастыруға байланысты барлық қаржылық шығынды жергілікті аграрлы шаруашылық өз мойнына алып отыр.
РКС: Қазір спортшы қыздардың жаттығуына еш кедергі жоқ. Өйткені барлық жағдай жасалған. Жылы спорт залы, жаңа киім-кешек және заманауи жабдықтармен жарысқа дайындалу ерекше күш береді,-дейді олар. Волейболшы бұрымдылар бұл қолдау команданың дамуына және жаңа спорттық белестерді бағындыруға зор серпін беретінін атап өтті.
СНХ: СНЕЖАНА ФРАНЧУК, «ФУРИЯ» КОМАНДАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ: Өзіміздің жеке спорт залымыз бар. Онда түрлі жарыстар мен жаттығуларды, соның ішінде жарысқа дайындықты және түрлі оқу-жаттығу жиындарын өткіземіз. Зал жаңа, сапалы тормен және кәсіби деңгейдегі волейбол доптарымен жабдықталған. Мұнда достыққа жақын, сымбатты әрі жігерлі қыздар жаттығады. Кез келген уақытта көмектесуге дайын. Біз түрлі жарыстарға жиі қатысамыз. Осы қыста Қазақстан чемпионатына да қатысуды жоспарлап отырмыз.
РКС: Қысқа мерзімде «Фурия» өзінің жақсы команда екенін аудандық деңгейде ғана емес, республикалық жарыстарда да дәлелдеп үлгерді. Жаттықтырушылық құрам алғашқы жеңіс жүйелі дайындықтың, тәртіп мен тұтас команданың үйлескен жұмысының жемісі екенін айтады.
СНХ: ОЛЕГ ПАПЁНОВ, «ФУРИЯ» КОМАНДАСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: Қыркүйектің 10-да біз «Фурия-2» командасының кіші құрамын апардық. Олар 2012 жылы туғандар. Облыстық жарыста бірінші орын иелендік. Екінші жарыс Щучинскіде клубтық командалар арасында өтті. Оған 2011-2012-ші жылдары туған балғындарды апардық, онда да жүлделі бірінші орынды олжалап қайттық. Көкшетауда өткен үшінші сайыста 2009,2010,2011 жылдары туған өрендер үшінші орын алды. Биыл Зерендіде өткен «Ауыл Спорт» сайысына бүкіл облыс жиналды. Онда да қола жүлдені еншілеп қайттық.
РКС: Бұл ретте клуб спорттық дайындықпен ғана шектелмейді. Бапкерлер қыздардың жаттығулар мен жарыстарға қатысуы олардың оқу үлгеріміне кері әсер етпеуін қадағалайды. Ол үшін бапкерлер мұғалімдермен және ата-аналармен үнемі байланыста. Ынталандыруға ерекше назар аударылады. Әр ай сайын үздік ойыншылар анықталып, оларға жергілікті аграрийлер тарапынан сыйлықтар беріледі.
СНХ: ЕРЛАН ГАЛЕЕВ, «КАЛИНИНО» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАСШЫСЫ: М40-қа жуық адамның формасын жаңарттық. Алдағы уақытта тағы 20 ойыншыға арнайы киім сатып алмақшымыз. «Фурия-1», «Фурия-2» и «Фурия-3» командасы бар. Ал қазір «Фурия-4» командасын жасақтап жатырмыз. Жас буын өсіп келеді, олар күн сайын спортпен шұғылданады. Фурия-1, Фурия-2 біздің негізгі құрама. Қазіргі басты міндетіміз Қазақстан біріншілігіне шығу. Қыздарымыз спорт шебері, спорт шеберлігіне кандидат атағын алса деген үмітіміз бар.
РКС: «Фурия» командасының тарихы ауылда спорттың дамуы тек спортшылардың ынтасы мен табандылығына ғана емес, сонымен қатар бизнес өкілдері мен жергілікті қауымдастықтың қолдауына да байланысты екенін ұғындырса керек. Алда бұл бұрымдыларды жаңа турнирлер мен ауқымды мақсаттар күтіп тұр. Соның бірі облыс намысын республикалық деңгейде абыроймен қорғау.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ