Негізгі Жаңалықтар Бауыржан Қарағызұлының «Жазу» жыр-жинағы оқырманға таныстырылды

Бауыржан Қарағызұлының «Жазу» жыр-жинағы оқырманға таныстырылды


ДИКТОР: Көкшетаудағы Азаматтық қорғау жоғары көпсалалы колледжінде Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Бауыржан Қарағызұлының «Жазу» кітабының оқырманға таныстырылу кеші өтті. Бұған дейін бірнеше жинақтың авторы атанып, халықаралық деңгейде танылған қаламгер бұл жолғы туындысында өмірлік ізденістерін, ішкі толғаныстары мен философиялық ойларын қағаз бетіне түсірген. Жыр-жинақтың таныстырылу кешіне ақынның қаламдас әріптестері, әдебиет сүйер қауым мен студенттер қатысты.  


РКС: Бауыржан Қарағызұлы қалың оқырманға жаңашыл бағытты ұстанған ақын ретінде танымал. Ол өзінің философиялық тереңдігімен және дәстүрлі жыраулар сарынын заманауи постмодернистік үлгімен ұштастырған стилімен ерекшеленеді. Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында дүние есігін ашқан қаламгер ұлттық болмыстың тазалығын жырлауды басты мұрат етеді. Бұған дейін жарық көрген «Жұмбақтасқа жауған күз», «Өң мен түс», «Жүрек кітабы», «Топырақ демі», «Галстук» кітаптарына қосылған «Жазу» жыр жинағында да адам жанының ішкі қайшылықтары шебер өріледі. 

        

СНХ: БАУЫРЖАН ҚАРАҒЫЗҰЛЫ, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ: Жазу деген ол –жазмыш бірінші, жазу деген ол бір ғана жазумен шектелмейді, ескі бәдіздер, таңбалар, жалпы адамның ғұмырының өзі таңбаға қатысты. Деген ұғымнан келеді. Бұл жинақтың ішінде постмодерндік, метомодерндік өлеңдермен жинақталған және ешбір кітабымда жарық көрмеген бәрі жаңа өлеңдер.


РКС: Бауыржан Қарағызұлы үшін жазу жай ғана сөз құрау машығы емес. Ол мұны адамның өз ішіндегі көмескі үнге құлақ түруі, жан жарасын сипап көруі, өзінен жасырып жүрген ақиқатымен бетпе бет келуі деп түсіндіреді. Кітаптағы Ай, Күн, жел, топырақ, қар, ағаш, құс, үнсіздік және сағыныш ұғымдары сыртқы дүниенің суреті ғана емес, адам жанының ішкі белгілері ретінде берілген. Ақын бұл жинақты мінсіз қалыпқа түсірілген туынды емес, ішінде қайшылығы мен сан алуан көңіл-күйі бар «тірі кітап» ретінде ұсынады. Мұнда автордың бұрынғы және бүгінгі көзқарастары шебер өрілген делінді танысытырылым кешінде.

 

СНХ: АЯГӨЗ ТАБЫСҚЫЗЫ, АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Жақында ғана ол кісінің «Жазу» кітабын оқыдым және өлеңдері қатты ұнады. Әсіресе, «Триптих» өлеңі өзімнің ішімнен алынған, ішімнен шығып жатқан сияқты сезілді және жаттадым.


СНХ: ЕРБОЛ НҮСІПБАЙ, АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Мен Бауыржан Қарағызұлының «Өң» деген өлеңін жаттадым. Ол жерде: Бұл менің өмірім, бұл менің таңдауым, бұл менің ән-жырым, бұл менің жан жырым,бұл менің тағдырым, бұл менің арманым, бұл менің қадамым, бұл менің жолдарым бір шумағы маған қатты әсер етті.

 

РКС: «Жазу» кітабы жарық көргеннен кейін әдеби ортада тереңдігімен және өзгеше поэтикалық формасымен жоғары бағаланды. Антикалық көне дүние философиясын жырға айналдырған ақынның терең сана ағымы, Абаймен үндестігі, Өтежан Нұрғалиевпен сабақтастығы жайлы да жақсы жазбалар қалдырылды. Таныстырылым кешінде ақынға жастар тарапынан сұрақтар қойылып, жырлары оқылды.

 

Естет. Шум:


ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу