Негізгі Жаңалықтар Өңір басшысы Зеренді ауданының тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді

Өңір басшысы Зеренді ауданының тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді


ДИКТОР: Барлық ауылды табиғи газбен қамтамасыз ету, жол инфрақұрылымын жаңарту және астық жинау науқанының жоғары көрсеткіштері. Бұл тақырыптарды Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Зеренді ауданының тұрғындарымен кездесу барысында жеткізді. Аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын шығарып, кезекте тұрғандарға жаңа баспананың кілтін табыс етті. 

РКС: Алдағы үш жылда Зеренді ауданына табиғи газ келеді, «Сарыарқа» газ құбырының құрылысын жалғастыру аясында көгілдір отын ауданның барлық 79 ауылына жеткізіледі, бұл 32 мыңды қамтымақ. Бірінші кезекте газға 142 мектеп, аурухана, балабақша және мәдениет үйлері, сондай-ақ 16 жергілікті кәсіпорын көшіріледі.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Қазір осы екі поток дей отырмыз ғой, мынау Сарыарқа ол Астанадан келіп Көкшетауға келеді. Ал Ресейден мынау «Северный поток» дейміз, ол Петропавл арқылы ол Көкшетауға келеді. Екеуі осы Көкшетауда жалғасады. Магистраль келіп тұр, содан бізге жаңағыдай Зерендіге бір отвод деген келеді, әрі жағынан біздің проекттерімізбен қазір өткенде жүруіміз керек, үйге дейін апарып береміз, үй басы жаңағыдай. Бүкіл әлеуметтік нысандардың ең бірінші – мектептер, балабақшалар, мәдениет орталықтары, емханалар, ауруханалар, ең бірінші солар, сосын әрбір үлкен этажды үйлерге, сосын әрбір ауланың астына әкеліп береміз, ішкісін өздеріңіз қосасыздар.

РКС: Ауданда балаларға және спортқа ерекше көңіл бөлінеді. Екі жыл ішінде мұнда 37 ойын және спорт алаңдары салынды, 15 мектеп пен балабақша жөнделді, ал Зерендінің өзінде музыка мектебі мен балалар шығармашылығы үйін біріктіретін бірыңғай орталық ашылды. Мұндағы басты нысан қайтарылған активтер есебінен салынған жаңа балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі болды. Бұл үшін арнайы мемлекеттік қордан 2 миллиардт теңгеден аса қаржы бөлінді.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Жалпы өздеріңіз атсалыстыңыздар, бақылауда болды, көрдіңіздер қалай жүріп жатқан құрылыс. Бүгінгі күні көріп жатырсыздар, сапасы да дұрыс, балалар да елде қызығын көріп жатыр. Тек қана Зеренді ауданы емес, ол жерде 48 орындық жатақханасы бар. Үлкен осы жуырда жазда Якутиядан, Армениядан барып мынау күрес саласында екі түрлі белгілі міне жаттықтырушылар келіп, бір 10 баға беріп кетті. Мынау табиғаты мен ғимараты бір-біріне сай екен деп. Керемет табиғаты бір керемет күш-жігер береді екен, әсер береді екен. Ал мынау ғимараты қазір заманауи жабдықталған екен деп, осы жерге міне жылда бір халықаралық осындай жаттығу жасауға деп белгіледі. 

РКС: Ауданның жол желісі де жаңартылуда. Биыл «Көкшетау-Атбасар» республикалық тас жолының 47 шақырымы жөнделіп, 50 шақырымнан аса ауыл аралық жол ретке келтірілді. Басқарма басшысы Владимир Кулаковтың айтуынша, қазір мердігерлер елді мекендердің ішіндегі көшелерді жөндеуде. 

СНХ: ВЛАДИМИР КУЛАКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Жақсы жол деп айтуға болады. Біз қазір аудандық жолдарға көштік. Биыл көптен күткен екі жол — Шағалалы ауылына және Молодежный ауылына толық жөнделді, асфальт салынды. Енді ауылдардың іші жолдармен келіп жатыр, биыл енді аудандық бюджеттен.

РКС: Зеренді ауданы майлы дақылдарды өсіруден облыста бірінші орында тұр. Үш жыл ішінде егіс алқабы 3,5 есеге артты. Ал таяу жылдары оларды қайта өңдейтін екі ірі зауыт салынады. Дәнді дақылдар бойынша да жақсы көрсеткіштер бар. Шаруалар гектарынан 22,5 центнерден 452 мың тонна өнім жинады.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Биыл міне сондай құрғақшылық, мынадай ауа райына қарамастан бір жақсы өнім алдық қой. Ең сапалы астық болып шықты. Өйткені 90 пайызы товарный астық болды, 75 пайызы Hi-Pro. Бүгін, биылғы жылдағы астық. Енді ауа райын көрдіңіздер ғой, 40 күн сондай құрғақшылық болды. Дәл осындай ауа райы 98-ші жыл болған екен. Ол жерде сол 98-ші жылы 3-4 центнерден жинаған екен, осы облыс бойынша. Биыл 14,3 центнерден, ал Зеренді ауданы 22,4 центнерден тартты.

РКС: Кездесу соңында облыс әкімі 14 отбасына жаңа пәтердің кілтін тапсырды. Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарынан кезекте тұрғандар мен апатты үйлердің тұрғындары қоныс тойын тойлады. Олар үшін аудан жеке инвестор салған екі пәтерлі он коттедж сатып алды.

Шум: 

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу