Негізгі Жаңалықтар Шетелдік инвестор астананы келесі Дубай немесе Сингапур деп атады

Шетелдік инвестор астананы келесі Дубай немесе Сингапур деп атады


ДИКТОР: Астана қаласы келесі Дубай немесе Сингапур болмақ. Сингапурде өткен конференцияда белгілі венчурлік инвестор және IT-кәсіпкер Баладжи Шринивасан осылай деп мәлімдеді. The Network State Conference 2026 іс-шарасына 3,5 мыңға жуық адам қатысты. Қазақстан әлемдік криптовалюта нарығының жетекші өкілдерінің бас қосуында басты тақырыптарының біріне айналды. Атап айтқанда, спикерлер Network School халықаралық технологиялық қоғамдастығының ел билігімен серіктестігіне назар аударды.

РКС: Шетелдік кәсіпкер Қазақстанның елордасы туралы біледі. Оның технологиялық жобасы бүгінде 2 миллиард долларға бағаланып отыр. Шілде айында Баладжи Шринивасан Қазақстанның жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен компанияның штаб-пәтерін Астанаға көшіру туралы меморандумға қол қойды. Сингапурде өткен конференцияда Шринивасан Қазақстанның бас қаласының дамуы мен елорданың халықаралық технологиялық қоғамдастық үшін әлеуетін жоғары бағалады.

СНХ: БАЛАДЖИ ШРИНИВАСАН, IT-КӘСІПКЕР, ВЕНЧУРЛЫҚ ИНВЕСТОР: Өсу қарқыны жоғары қала осындай көрінеді. Менің ойымша, Астана - келесі Дубай, немесе Сингапур. Өте әдемі шаһар. Таза, жайлы, заманауи. Біз Қазақстанға әлемнің түкпір-түкпірінен дарынды адамдарды тартқымыз келеді. Бұл ретте біз қазақстандық мамандарға халықаралық компанияларда жұмыс табуға көмектесеміз. Халықаралық таланттарды тарту және жергiлiктi кадрларды дамыту да маңызды. Болашақта қазақстандықтар өз өнімдерін бүкіл әлемге сатып, жергілікті нарықта да жұмыс істейді./

РКС: Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек конференцияға қатысушылар үшін үндеу дайындап, онда Қазақстан мен халықаралық компанияның бірлескен жоспарлары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Іс-шара барысында жиналғандар алдында Премьер-Министрдің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен Ala tau City Authority бас атқарушы директорының орынбасары Баян Қоңырбаев сөз сөйледі.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ.


Бөлісу